Архив событий

10/04/2017

Несие алдың ба, уақытында төле

10/04/2017

Бұқар жырау ауданының №2 Аудандық сотында, «КМФ микрофинанс ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аз. Т. микронисиесінің келісіміне байланысты 42 445,45теңгені және пошта шығындары 836 теңге, мемлекеттік баж төлеуге байланысты 1 273 теңге көлемінде шығындарды өндіріп алу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Жеке кәсіпкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды

10/04/2017

Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы аз.И. қатысты (он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы) әкімшілік істі қарады.

Жеке кәсіпкер И., «Азық-түлік» дүкенінің сатушысы бола тұра он сегіз жасқа толмаған тұлғаға темекі сатқан.

Өзгертілген және тоқтатылған сот актілері талқыланды

10/04/2017

Заңнаманың біркелкі қолданылуы мен жүргізілуі мақсатында Шахтинск қалалық сотында азаматтық және қылмыстық істер бойынша Қарағанды облыстық сотының қаулылары бойынша тоқтатылған және өзгертуге ұшыраған шешімдер мен үкімдер, қалалық сот бұйрығы мен сот актілерін орындау материалдарын талқылауға салды.

Үкіметтік емес ұйыммен семинар-тренинг

10/04/2017

Шахтинск қалалық соты мамандарына «Қазақстанның экономикалық даму моделі» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараны жүргізген «Дана жол» қолданбалы экономика орталығының өкілі Е. Тлеуберген.

«Сот актілерінің күшін жою және өзгерту себептері» тақырыбына семинар

10/04/2017

Теміртау қалалық сотында 2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша судьялар тарапынан жіберілген сот актілерінің күшін жою және өзгерту жөніндегі себептерін талқылау бойынша семинар өткізілді.

Семинардың координаторы ретінде Теміртау қалалық сотының судьясы Анжелика Романюк және қалалық соттың судьялары қатысты.