Архив событий

18/04/2017

Бір баскан тырмаға тағы басты

18/04/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат П.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

Әкімшілік қамауға алынды

18/04/2017

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе Қазақстан Республикасында тіркеуден өтпей жалтару) бойынша Россия Федерациясының А. азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Атыс қаруын заңсыз сақтаған

18/04/2017

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Е.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған

18/04/2017

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық сотымен К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Ол Өзбекстан Республикасының азаматы бола тұра, 2017 жылдың 25 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында ішкі істер органдарындағы тіркеусіз жүрген.

Үлгі сот мәжілісі көшпелі түрде өткізілді

18/04/2017

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясын» жолдауын жүзеге асыру және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Н. Тлекова Теміртау қаласының прокуратурасымен бірлесе отырып, Теміртау қаласындағы әскери бөлімнің ғимаратында көшпелі түрде сот мәжілісі өткізілді.

Медиация тәртібімен татуласты

18/04/2017

Қарқаралы ауданының тұрғындары Т. мен У. бірнеше рет алдын-ала сөз байласу арқылы ұрлық жасаған, осымен жәбірленушілерге елеулі зиян келтірген. Олар ҚР ҚКтің 188-бабының 1-тармағы бойынша (бөтен мүлікті жасырын ұрлау) айыпталған.

Қылмыстық істі қарау барысында тараптардан кәсіби емес медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініші түсті.

Алимент қарызы

18/04/2017

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соты бұйрық тәртібімен азамат В.-ның баланы асырау үшін алиментті өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Талапкер жауапкермен 2017 жылдың қаңтар айына дейін бірге тұрды. Некеден бір бала бар. Бала талапкердің тәрбиесінде. Жауапкерден бүгінгі күнге дейін еш бір көмек көрсетілмейді.

Есірткеге қатысты іс қаралды

18/04/2017

2017 жылдың қаңтар айында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, Қарқаралы қаласында М. тоқтатылып, тексеру барысында оның үстіндегі қара түсті, баллонды курткасының оң жақ, сыртқы, төс қалтасынан арнайы ерекше иісі бар, жасыл түсті, өсімдік тәрізді зат анықталып алынған.

Шет аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесін іске асыру бойынша семинар сабағы өтті

18/04/2017

Электрондық ақпараттық сервисі «Сот кабинеті» жұмысын жандандыру мен насихаттау мақсатында сот кеңсе меңгерушісінің м.а. Жагипарова С. «Сот кабинеті» тақырыбына семинар сабағын өткізді.

Шараға ІІБ-нің қызметкерлері, Шет ауданының прокуратурасы өкілдері және Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаты қатысты.