Архив событий

20/04/2017

Мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

20/04/2017

Қарағанды облысының Бұқар-жырау ауданының №2 аудандық сотымен “Бұқар жырау ауданының орталық аудандық ауруханасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арызы бойынша азамат С.-ты маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу туралы азаматтық іс қаралды.

Іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

20/04/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен АҚ–ның жауапкерден келісім-шарт бойынша 19 835 200 теңге мөлшерінде берешек соманы өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап арыздың мазмұны бойынша, тараптар арасында контракт жасалған.

Тараптар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келді

20/04/2017

Балқаш қалалық сотымен азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді.

Сонымен талапкерлер сотқа мәміле бойынша алынған ақшалай қаражатты, шығындарды және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Қоғамдық тәптіпті бұзды

20/04/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат К.-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 4-бөлігі (Қоғамдық жерде алкогольдік ішімдікті ішу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы үйдің алдында, яғни қоғамдық жерде алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Жаңадан тағайындалған судьяны таныстырды

20/04/2017

Осакаров аудандық сотында Қарағанды облысы бойынша Әкімшілік істер сотының басшысы Бақдәулет Нұрпеисов аудандық соттың жаңа судьясымен таныстырды.

Шараға прокуратураның, Осакаров ауданының ІІБ-нің өкілдері, адвокаттар, мемлекеттік мекемелердің басшылары және соттың ұжымы қатысты.