Архив событий

25/04/2017

Кезекті «дөңгелек үстел» өткізілді

25/04/2017

Балқаш қалалық сотымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот интернет-ресурсының «Сот кабинеті» сервисін жетілдіруге қатысты мәселелерді талқылау бойынша «дөнгелек үстел» өткізілді.

Шараға Балқаш қаласының жеке сот орындаушылары, «Балхаш Су», «Су Жылу Транс» коммуналдық мекемелерінің, «Балхаш Универсал» ЖШС-нің өкілдері қатысты.

Сот мамандарының қатысуымен семинар өткізілді

25/04/2017

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соты Г. Базылова, Д. Укпенова және М. Жумагулов судьяларының төрағалығымен бас маман - сот отырысы хатшыларымен тәлімгерлік ету бойынша семинар өткізілді.

Аталған семинар 2017 жылдың 1 жартыжылдығына арналған оқу сыныбының жоспарын орындау мақсатында өткізілді.