Архив событий

28/04/2017

Қарағанды қаласының сотында дау сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба аясында реттелді

28/04/2017

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты ортақ мүлікте үлесін анықтау туралы азаматтық істі қарастырды.

Азамат Б. қайтыс болған азамат Ш.-тың барлық мүлігінің өсиет бойынша жалғыз мұрагері болып табылады. Ол мұрагердің жұбайына ортақ мүлікте үлесін анықтау туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Қарағанды облысының соттарымен 2017 жылдың 1 тоқсанында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша кеңес өтті

28/04/2017

Бүгін Қарағанды облыстық сотында 2017 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылды.

Төраға м.а. Рашид Нұрмағамбетовтың басшылығымен өткен алқалы жиынға облыстық соттың судьялары, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Сот қаулысын орындамағаны үшін әкімшілік қамау

28/04/2017

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) азамат П.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Аудандық соттың судьяларына дәріс оқылды

28/04/2017

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьяларына «Жыныстық қол сұқпаушылықтардың бұзылуы туралы қылмыстық істер бойынша, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты жәбірленушілердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбында дәріс оқылды.

Үкіметтік емес ұйымдардың және құқық қорғау органдардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

28/04/2017

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданааралық сотында «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.