Архив событий

03/05/2017

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды

03/05/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен П., азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) 2 әкімшілік істер қарастырылды.

2017 жылдың 13 сәуірінде 21.40 шамасында П.азаматы өз үйінің алдында жанжал шығарып, О.азаматшаға қарсы былапыт сөз сөйлеген, намысына тиетін сөздер айтқан.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екі тәулікке қамауға алынды

03/05/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Ш. азаматына қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне (ұсақ бұзақылық) сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Азамат Ш. қоғамдық орнында бола тұра, табиғи мұқтаждығын қалпына келтірді, сол әрекетімен қоғамдық жерді ластап, қоғамдық тәртіпті бұзды.

«Апелляциялық сатыға сот істерін уақытылы дайындау» атты тақырыпта семинар

03/05/2017

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында соттың қызметкерлерінің арасында «Апелляциялық сатыға сот істерін уақытылы дайындау» атты тақырыпта семинар сабағы өтті.

Қарағанды облысының сот ұжымы сенбілік өткізді

03/05/2017

Облыс сот ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Жыл сайын өткізілетін экологиялық айлық аясындағы іс-шара қала мен аудан аймағын абаттандыруға, көгалдандыруға және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Ұсақ бұзақылық үшін айыппұл

03/05/2017

Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотымен аз. Д. қатысты ҚР ӘҚБтК- нің 434 – б. 1б. сәйкес әкімшілік қарастырылды.

Аз.Д. Қарағанды қаласының автобекетінде шекілдеуік шағып қабығын жерге тастаған, бұл әрекетімен қоғамдық орынды ластады және қоғамдық тәртіпті бұзды, яғни ұсақ бұзақылық жасады.