Архив событий

16/05/2017

Х а б а р л а н д ы р у!

16/05/2017

2017 жылдың 23 мамыр күнінде Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» атты шарасы өткізіледі.

Аталмыш шараға қатысушыларға алдын-ала қабылдау жазылу үшін Қарағанды қ., Жамбыл к-сі, 9 мекен-жайы бойынша немесе 42-02-33 телефоны арқылы хабарлау қажет. 

Дело прекращено за примирением сторон

16/05/2017

Районным судом №2 Бухар- Жырауского района Карагандинской области рассмотренно уголовное в отношении гр.Б. по части 1 статьи 188 УК Республики Казахстан.

Сот қарыз сомасын төлеуді міндеттеді

16/05/2017

Қазыбек би ауданының №2 аудандық сот талап қоюшы К-ның жауапкер Б-ден қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Жауапкер Б. 2016 жылдың 15 қаңтарында талап қоюшы К-ден 500 000 теңге қарызға ақша алған және бір ай көлемінде қайтаратын болып. Бірақ, талап қоюшының бірнеше мәрте сұрағанына қарамастан, жауапкер қарыз ақшасын қайтармаған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 272 бабының талабына сәйкес, міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес  орындалуға тиіс.

Сот шешімі шағымын қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Құқықбұзушыға айыппұл салынды

16/05/2017

Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 440 –бабы,5-бөлімі бойынша істі қаралды.

Қылмыстық іс медиациямен аяқталды

16/05/2017

Қарағанды облысының Нұра аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодесінің 131 бабының 1 бөлігімен (қорлау) теріс қылық жасағаны үшін  аз.Ш. айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотпен процессуалдық шығындар өндіріліп алынды

16/05/2017

Бұқар жырау ауданының ,№2 Аудандық сотында , Бұқар жырау ауданының прокуратурасының процессуалдық шығындарды өндіріп алу туралы ұсынымхаты қаралды. Аудан прокуроры сотқа ,аз.А-дан 17 938 теңге көлеміндегі сот шығындарын өндіріп алу туралы ұсынымхатын жолдады ,оның себебі, Бұқар жырау аудандық ІІБ Тельман ПБ  аз. У.-ға қатысты жол көлік оқиғасы салдарынан денсаулығына орта дәрежедегі зиян келгені туралы факт тіркелген.

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында азаматтың ар мен намысын қорғау сұрақтары бойынша семинар өткізілді

16/05/2017

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында судьялардың қатысуымен «Ар мен намысты қорғау» тақырыбында семинар өтті.

Судья Гулсім Базылова өз баяндамасында Қазақстан Республикасының азаматының ар мен намыс, іскерлік намысына қатысты заңдарда көрсетілген нормалар мен баптар туралы атап өтті.

Балқаш қалалық сотының, прокуратураның және ІІБ-нің өкілдері «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасын іске асырусаласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

16/05/2017

Балқаш қаласының прокуратурасының ғимаратында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға Балқаш қаласының Прокуроры Қанат ӘсембайұлыСәлімбаев, Балқаш қалалық сотының төрағасы Нұрлыбек Өмірбекұлы Сыздықов және Балқаш қаласының Ішкі Істер бөлімінің басшысы Олег ВладимировичЦойқол қойды.

Сотпен ломбардтық кредит бойынша қарыз ішінара өндірілді

16/05/2017

Балқаш қалалық сотымен талапкер«Ломбард «Жаңару &S» ЖШС-ның азамат А.-дан қарызын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер сот мәжілісінде жоғарыда көрсетілген талабын қолдай отырып, ломбардтық кредиттің келісім шарты бойынша жауапкерге тездету, қайтаруды тұтыну мақсатында 15 500 теңге сомада кредит берілген.