Архив событий

24/05/2017

Оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде іс қаралды

24/05/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық сотымен Молодежный кенті тұрғынының А.азаматшаға қатысты қарыз шарты (қолдаухат) бойынша борышты өндіріп алу туралы оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде азаматтық іс қаралды.

Сотта "Ашық есік күні" шарасы өткізілді

24/05/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық сотында бірінші жартыжылдыққа арналған сот жұмысы жоспарына сәйкес «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. Сот төрағасы Байғаскин Қ.К.азаматтарды жеке қабылдауды өткізіліп, барлық сұрақтарға жауап берілді.

Осакаров ауданының №2 аудандық сотымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» кеңес өткізілді

24/05/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық сотының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеті жұмыс жоспарына сәйкес сот төрағасы Қ.К. Байғаскин қызметкерлерінің арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» кеңесті өткізді. Өз баяндамасында төраға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының нормаларын қысқаша баяндады.

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков Осакаров кентінің тұрғындарымен кездесті

24/05/2017

Осакаров ауданының тұрғындарымен дәстүрлі кездесу аясында  Осакаров аудандық сотында «Ашық есік күні» іс шарасы өткізілді. 

Азаматтарды Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Тұрғынбекович Әлімбеков қабылдады.   

Атқару құжатын орындамаған жауапқа тартылады

24/05/2017

Қарағанды облысының Нұра аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай - ҚР ӘҚБтК) 669 бабы (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралған.

Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру тақырыбында дөнгелек үстел өтті

24/05/2017

Бүгін Қарқаралы аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру» тақырыбында дөнгелек үстел өтті.