Архив событий

05/06/2017

Азаматтық іс медиация тәртібімен татуласуға байланысты аяқталды

05/06/2017

Осакаров аудандық сотында талапкер Б.-ның жауапкер  Б-мен арадағы некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Істі мәні бойынша қарау барысында тараптар дауды өзара реттей отырып, азаматтық істі медиация тәртібімен шешу қорытындысына келді, яғни тараптар өзара татуласып, талапкер өзінің талап арызынан бас тартады.

Сот қаулысын орындамағаны үшін әкімшілік қамау

05/06/2017

Аров аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) азамат Т.-ке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

МӘС көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 3 жылға көлік құралдарын басқару құқықғынан айырды

05/06/2017

Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты О. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608- бабының 1-бөлімімен  кінәлі деп таныды.

Сотпен анықталғандай, О. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, жол қозғалысы Ережелерінің 2.4.2 тармағында қаралған тәртіпті бұзған.

О.  3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылды.

Қаулы заңды күшіне енді.