Архив событий

14/06/2017

Шет аудандық сотында гендерлік теңдік мәселесі талқыланды

14/06/2017

Шет аудандық соты ерлер мен әйелдер арасындағы гендерлік теңдік туралы дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шарада судьялар, сот кеңсе мамандары, Шет ауданы әкімдігі жанындағы әйелдері істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы, прокуратура өкілі, Шет ауданы ІІБ жергілікті полиция КТІЖ УПИ инспекторы қатысты.

Теміртау қаласының МӘС кафе әкімшісін түнгi уақытта сағат 23-тен кейін кәмелеттік жасқа толмағанның болғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартты

14/06/2017

Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 132 бабының 1 бөлігіне сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған П. түнгi уақытта сағат 23-тен кейін заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемесiнде болуына жол бергені үшін кафе әкімшісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.