Архив событий

15/06/2017

Жезқазған қалалық ювеналдық соты әкелікті тану және алимент өндіру талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

15/06/2017

Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер аз. Н жауапкер аз. О-ға әкелікті тану және баланы асырап бағу үшін алимент өндіру туралы азаматтық іс қарады.

Сот отырысы барысында жауапкердің балаға қатысты әкіліктігін анықтау үшін молекулярлы-генетикалық сараптама тағайындалды.

Процессуалды келісім жасалды

15/06/2017

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106 бабының 3 бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Тайыншабаз» қыстағында сотталушы М. және жәбірленуші Ю. өз-ара сөзге келіспей қалған, осының салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соққан.

Қарқаралы аудандық сотында медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

15/06/2017

Қарқаралы аудандық сотында «Медициналық куәландыруды өткізу мәселелері»  жөнінде  «дөнгелек үстел» өткізілді.

Іс шараға аудандық сотының төрағасы Қасымбеков М. З., аудан прокурорының көмекшісі Қалдырбай Н., аудандық ІІБ-нің өкілі Зейнел Т., аудандық аурухананың өкілі Ыдырысова Н. Н., «Қарқаралы» газетінің тілшісі Ыдырысов Д. қатысты.

Қоғамдық орындарға масаң күйінде келу үшін әкімшілік жаза

15/06/2017

Осакаров ауданының № 2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы 4 бөлігі бойынша (жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) И.азаматшаға қатысты әкімшілік істі қаралды.

Шетел азаматына қатысты әкімшілік қамау

15/06/2017

Осакаров ауданының № 2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы 5 бөлігі бойынша (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қыз

Сот заңды фактісін анықтаған

15/06/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық соты 1975 – 1994 жылдарының аралындағы еңбек өтілін растау туралы  азаматтық іс қаралды.

Арызданушы еңбек кітапшасындағы мәліметтерінде қателері бар екендігіне және де жұмыс істеген кәсіпорын қазіргі уақыттта жоқтығына байланысты сотқа жүгінді.

Сот рақымшылық қолдану туралы екі материалды каралды

15/06/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық сотымен Осакаров аудандық № 2 пробация қызметінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне жиырма бес жылдығына байланысты онша ауыр және орташа ауырлығы қылмыстар жасау үшін сотталғандарға рақымшылық  қолдану екі ұсыныс қаралды.

Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

15/06/2017

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық сотымен Б.Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлімімен (бөтен мүлікті жасырын ұрлау) қылмыстық іс қаралды.

Б.Б. Сарышаған станциясына дейін жолаушы ретінде келе жатқан. Шығуға дайындалған кезде, плацкарттық бөлімге қарсы орналасқан столда жәбірленуші М.С.-ке тиесілі алтын түсті «Samsung J-2» маркалы ұялы телефонын көріп қалды. Өзінің қылмыстық әрекетін ешкімнің байқамағандығын көріп, ұялы телефонды жасырын ұрлап, жәбірленушіге жалпы сома 60 000 теңгеге материалдық шығын келтірген.

Ақтоғай аудандық соты оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде іс қаралды

15/06/2017

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық сотымен «Агентство по работе с дебиторами» ЖШС-нің жауапкер Т.К.-дан банктік қарыз шарты бойынша қарыз өндіру туралы талап арызы оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде азаматтық іс қаралды.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тексерістері бақылауда

15/06/2017

«Қарқаралы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» РММ-нің басшысы жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында ҚР ҚІЖК-нің баптарын түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өтті

15/06/2017

Октябрь аудандық сотында ҚР ҚІЖК-нің баптарын түсіндіру сұрақтары бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шарада тергеуші судья Ш.Ганиолла, Октябрь ауданының прокуроры С.Сабыр, А.Аманкулов қатысты.