Архив событий

10/07/2017

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында «Процестік мерзімдерді сақтау» тақырыбында семинар сабағы өтті

10/07/2017

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.С.Ибраевпен «Процестік мерзімдерді сақтау» тақырыбында мамандардың қатысуымен  семинар сабағы өткізілді.

Шет аудандық соты сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио- бейнежазба құралдарын техникалық пайдалану ережелерін талқылады

10/07/2017

Шет аудандық сотында дөңгелек үстел өтті «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио- бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту тақырыбына».

Іс шараға судьялар, сот кеңсе қызметкерлері, прокуратура және ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

Қарқаралы аудандық соты шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөнінде сотталған адамның өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартты

10/07/2017

С. Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотымен ауыр қылмыс жасағаны үшін 4 жыл бостандығынан шектеу жазасына сотталған. Жазаны өтеу мерзімінде ол 5 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бір рет оған іздеу жарияланған. Осыған байланысты оған екі рет бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөнінде ескертулер жасалған.