Архив событий

13/07/2017

Октябрь ауданының №3 аудандық сотының төрағасы «Бірінші Қарағанды» телеарнасынасының журналистімен кездесті

13/07/2017

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық сотының төрағасы  Омаров Орал Нұрғалиұлы «Бірінші Қарағанды» телеарнасына сұқбат берді.

БАҚ өкілімен кездесу барасында Орал  Нұрғалиұлы сот жүйесіндегі роформалар туралы түсініктеме берді.

Шет аудандық сотында «Жемқорлық- індет, оны жеңу- міндет» тақырыбында семинар өткізілді

13/07/2017

Шет аудандық сотында «Жемқорлық- індет, оны жеңу- міндет» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға аудандық судьялар, сот кеңсе мамандары, Шет ауданы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ММ-нің қызметкерлері және психолог аға лейтенант Макаримова М. қатысты.

Қарқаралы аудандық соты 2017 жылдың 6 айының жұмысын қорытындылады

13/07/2017

2017 жылдың 6 айының қорытындылары бойынша Қарқаралы аудандық соты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі –«Қарқаралы» газетінің тілшісі Д.Ыдырысовқа баспасөз - конференция өткізді.

Сот төрағасының м.а. М.М.Мухамбеткалиева 2017 жылдың 6 айында сотпен 26 қылмыстық, 231 азаматтық, 207 әкімшілік іс қаралғанын тілге тиек етті.

Жерге тастаған темекінің қалдығы үшін қамауға алынды

13/07/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Е. азаматына  қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қарастырылды (Ұсақ құқық бұзушылық).

Сотпен банктік шарты бойынша несие қарызы өндірілді

13/07/2017

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотымен талапкер АҚ-ның талабы бойынша жауапкер Т-дан қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында, талап қоюшы мен жауапкер арасында несие беру келісім - шарт жасалғандығы аныкталды. Жауапкермен шарттық міндеттемелердің талаптарын бұзу салдарынан сотқа жүгінуге негіз болған.

Ақтоғай аудандық соты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалары мен материалдарын дайындау сапасын талқылау бойынша семинар өткізді

13/07/2017

Ақтоғай аудандық сотымен Ақтоғай ауданының ІІБ-інің акт залында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалары мен материалдарын дайындау сапасы» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

13/07/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ның талабы бойынша ШҚ-нан 1 204 097 теңге мөлшерінде берешек соманы өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

13/07/2017

Шет ауданыдық сотымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен қозғалған «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шет аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-нің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы маман А.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 465 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.