Архив событий

17/07/2017

Ұлытау аудандық сотымен азамат әкімшілік жаза ретінде 2 тәулікке қамаққа алынды

17/07/2017

Ұлытау аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігі бойынша аз. Б. қатысты әкімшілік іс қаралды,  яғни отбасы –тұрмыстық қатынаста тұратын әпкесіне сыйламаушылық  көрсеткен.

Іс деректеріне сәйкес, аз. Б. мас күйінде апасы  А-ның атына былапыт сөздер айтып, тіл зәбірін тигізген.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен азамат Б. ҚР-ның ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 2 тәулікке қамаққа алынды.

Осакаров аудандық соты ерлі-зайыптыларды медиация тәртібімен татуластырды

17/07/2017

Осакаров аудандық сотында талапкер А. жауапкер А. – ға қатысты неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар сот медиациясы көмегі арқылы келісімге келген. Тараптар татуласып, өз отбастарын сақтап қалды.

Қарағанды облыстық соты мен Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында медиацияны дамыту аясында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

17/07/2017

Қарағанды облыстық соты атынан Қарағанды облысы сотының төрағасы Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбеков және Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан директор Тілеубек Камалиұлы Камалиев, «Медиация туралы» ҚР Заңын басшылыққа ала отырып, медиация саласында тиімді ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту мәселелері бойынша нәтижелерге қол жеткізу, медиацияның көмегімен сотқа дейінгі тәртіппен даулы және жанжалды жағдайларды шешу үшін жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін уақытында және сапалы қо