Архив событий

31/07/2017

«Арбитражды шешімді даулау кезіндегі көкейкесті сұрақтар. Арбитражды шешімді мәжбүрлеп орындау үшін атқару парағын беруден бас тарту негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

31/07/2017

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында «Арбитражды шешімді даулау кезіндегі көкейкесті сұрақтар. Арбитражды шешімді мәжбүрлеп орындау үшін атқару парағын беруден бас тарту негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 Іс шараға аудандық соттың төрағасы А.С.Ибраев, Қарағанды облыстық сотының судьясы Ж.М.Егорова, аудандық сот судьялары және  «Эверест Кредит» ЖШС, «Ломбард БақытS» ЖШС, «Ломбард Жаңару & S» ЖШС, «Ломбард Инкар-Дала» ЖШС, «Қазақстан Республиукасының Ұлттық банк» ММ өкілдері қатысты.

Судья Ж.С.Галиева өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасының «Төрелік туралы» Заңын қолдану кезінде көкейкесті мәселелер орын алатынын, мысалы, тиісті дәрежеде сот отырысы уақытын тараптарға хабарламау  кездесетінін атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, әрекет етуші заңды талқылап, судьялардың түсіндірмелерін алды. Дөңгелек үстел қорытындысында Қазақстан Республикасы «Төрелік туралы» Заңының қолданылуы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды

31/07/2017

Сәтбаев қалалық сотымен ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлімімен (көлік құралдары жүргізушілердің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) аз. А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Дәрігерлер ісі

31/07/2017

Шахтинск қалалық соты (екі немесе одан көп адамды абайсызда ауыр дене жарақаттарын) РК ҚК бөлігі 114-бабының 4 бөілігіне сәйкес қылмыс жасаған азаматтар С., М., Г., Ж., Ф., қарсы айыптау үкімі шығарылған және ҚК 71-бабының 1-бөлігінде 2 тармағы негізінде уақыт аралығы үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарын орындамағаны үшін жазаланды

31/07/2017

Сәтбаев қалалық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 613 бабының 4 бөлігіне сәйкес (Ішкі істер (полиция), көлікті бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пунктерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өт

Көлік құралын алкогольдік масаю күйінде жүргізгені үшін айыппұл салынды

31/07/2017

Ақтоғай аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 8-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдебасқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша пресс- конференция өтті

31/07/2017

Сәтбаев қалалық сотында жергілікті «Шарайна» газеті және жергілікті «СТА» телеарнасының өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.

Судья Ф.Ж.Абдукадырова қалыптасқан дәстүр бойынша баспасөз конференциясын ашып, статистикалық деректерге сәйкес соттың қорытынды жұмысын айтты.

Айыппұл төлемегенігі үшін қамауға алынды

31/07/2017

Сәтбаев қалалық сотында ҚР ӘҚБтК-тің 669 бабы бойынша (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау), құқық бұзушы К.-ға қатысты  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот бұйрығын шығару туралы өтініш электронды форматта қаралады

31/07/2017

Жоғарғы Сот Төрағасының тапсырмасына сәйкес сот бұйрығын шығару туралы өтініші электронды форматта қабылдау тәртібіне қатысты енгізілген жаңалық, Қарағанды қаласы Қазыбекби ауданының №2 аудандық сотының судьяларымен қолданылады.