Архив событий

01/08/2017

Сот тұтынушы құқығын қорғады

01/08/2017

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотымен талапкер П.-ның жауапкер «Автомир-Центр» ЖШС-мен шартты бұзу, моральдық залалдың орнын толтыру және қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс медиация тәртібімен шешілді

01/08/2017

Бір күні кешке азамат К. С. деген көршісіне жұмыс туралы сөйлесуге келген, үйден шыға бергенде ешкім жоқтығын пайдаланып, С-ның ұялы телефонын жасырын түрде ұрлаған. Ұрлық болғанын байқаған С. дереу түрде полиция бөліміне өтініш берді. Келесі күні С. ұялы телефонды сату барысында ұсталды.

Түнгі сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

01/08/2017

Сәтбаев қалалық сотымен алкоголь өнімдерін өткізуге байланысты ҚР ӘҚБтК 200 бабының 3 бөлігімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

01/08/2017

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының төрағасы А.Ибраев «Ашық есік күні» шарасын өткізді.

Шара шеңберінде азаматтар еңбек, отбасы және жер заңдылықтары бойынша сұрақтарына жауап алды.