Архив событий

03/08/2017

Құқық бұзушыға ескерту жазасы тағайындалды

03/08/2017

Шет аудандық сотымен аз.М қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа  қарсы әрекет) әкімшілік ісі қаралды.

Кеншоқы ауылының тұрғыны аз.М кішігірім келіспеушілікті пайдаланып, үйде жанжал шығарып, жұбайын былапыт сөздермен балағаттап оның ар-намысына тиіп,   үй тұрғындарының тыныштығын бұзған.

Азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды

03/08/2017

Ақтоғай аудандық сотында талапкер М.  жауапкер Р. қатысты қарызды өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды. Сот талқылауы барысында сотқа тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу бойынша келісім түсті.

Судьялармен азаматтық істерді қарау барысында туындайтын сұрақтар талқыланды

03/08/2017

Заңның үстемділігін қамтамасыз ету, тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Жанна Сейдалина судьялардың қатысуымен азаматтық істердің жекелеген санаттарын қарау кезінде туындайтын мәселелерді талқылау бойынша семинар өткізді.

Қарқаралы ауданында судьялар мен медиаторлар дөңгелек үстел басында кездесті

03/08/2017

Қарқаралы аудандық сотының судьялары М.М. Мухамбеткалиева мен  Е.М. Боранбаев Қарқаралы қаласының кәсібі емес медиаторлар тобының жетекшісі А.Қ.Әбеуовпен дөңгелек үстел басында кездесті.

Дөңгелек үстел барысында медиаторлардың қылмыстық және азаматтық істерге қатысу мәселелері көтерілді.

Медиаторлардың неке және отбасы қатынастарынан, мал бағыны мәселелерінен, жеке тұлғалардың шарттық міндеттемелерінен туындайтын дауларды шешуге қабілеттері бар.

Октябрь ауданының №3 аудандық сотының төрағасы «Хабар» телеарнасының журналистімен кездесті

03/08/2017

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық сотының төрағасы  Омаров Орал Нұрғалиұлы «Хабар» телеарнасына сұхбат берді.

БАҚ өкілімен кездесу барысында Орал  Нұрғалиұлы сот жүйесіндегі роформалар туралы, сотта жаңа технологиялардың қолданылуын, сонымен қатар елбасы Н.А. Назарбаевтың Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам жоспарының орындалу барысы туралы түсініктеме берді.   

Процессуалдық келісім жасалды

03/08/2017

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106 бабының 3 бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру)  М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Тайыншабаз» қыстағында сотталушы Д. және жәбірленуші Ю. өзара сөзге келіспей қалған, осының салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соққан.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

03/08/2017

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 24 бабының 3 бөлігі, 188 бабы 2 бөлігінің 3 тармағымен (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу,ұрлық ) М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.