Архив событий

07/08/2017

Сот медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімін бекітті

07/08/2017

Бұқар жырау аудандық сотымен  азамат Б-ға  қатысты ҚР ҚК-нің 200 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды. Азамат Б. Бұқар-Жырау ауданы Тасшоқы көшесінен өтіп бара жатып, Жигули автокөлігінің тұрғанын көріп, оны иеленіп, көлікті айдап алып кетті.

«Ашық есік күні»

07/08/2017

2017 жылы 8 тамыз күні  Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мен Балқаш қалалық сотымен медиация институтын дамытуға бағытталған «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізіледі.

Әлеуметтік және құқықтық қақтығыстарды шешу мәселелері және дауларды сотқа дейінгі реттеуді ұйымдастыру бойынша халыққа тегін кеңес беріледі.

Қарағанды қаласының тұрғындарына

07/08/2017

09 тамыз 2017 жылы сағат 15.00-ден 18.30-ға дейін Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында «Медиация күні» республикалық акциясы шеңберінде «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізіледі.

Соттар Әкімшісі басшысының жұмыс барысымен Улытау аудандық сотында болды

07/08/2017

Қарағанды облысының Соттар Әкімшісінің басшысы Б.Б. Нурпеисов пен соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің басшысы  М.Исин Ұлытау аудандық сотына жұмыс барысымен іс-сапарда болды.

Сапар барысында Б.Нурпеисов, М.Исин соттың ғимаратымен және оның материалдық-техникалық жай-күйімен, сот кеңсесінің жұмысымен танысты.

Бұқар-жырау аудандық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өтеді

07/08/2017

8 тамыз сағат 16.00-де Бұқар-жырау аудандық сотының ғимаратында медиация институтын дамытуға бағытталған «Ашық есік күні» іс-шарасы өтеді.

Әлеуметтік және құқықтық қақтығыстарды шешу мәселелері және дауларды сотқа дейінгі реттеуді ұйымдастыру бойынша халыққа тегін кеңес беріледі.

Ұлытау аудандық соты Медиация күніне орай «Ашық есік күніне» шақырады

07/08/2017

2017 жылдың 9 тамыз күні сағат 11.00-де Ұлытау аудандық сотында кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен ашық есік күні өткізіледі.

Ашық есік күні дауларды медиация тәртібімен шешу мәселесі бойынша кеңестер беріледі, сондай-ақ азаматтардың әр-бір сұрағына әрекет етуші заңнаманың нормалары бойынша түсінік беріледі.