Архив событий

08/08/2017

Шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

08/08/2017

Абай аудандық сотында Ю. есімді Германия азаматына қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне (ұсақ бұзақылық) сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Германия азаматы Ю. қоғамдық орында бола тұра, темекісінің қалдығын жерге тастап, сол әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзды.

Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен шешілді

08/08/2017

№2 Октябрь аудандық сотына азамат К-ға қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігі 3 тармағымен қылмыстық іс түсті.  

К. автокөліктің терезесінің ішіндегі алдыңғы панельде тұрған ұялы телефонды көрді де, автокөліктің есігін ашып алып,  көліктің ішіне кіріп, оның иесінің ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап,  оқиға болған жерден қашып кетті

МАЭС «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді

08/08/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Медиация күні» республикалық акциясы аясында азаматтардың сот жүйесіне деген сенімділігін нығайту, құқықтық сананы жоғарылату, халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» іс -шарасы өтті.