Архив событий

10/08/2017

МАЭС 36 миллионнан аса шығын сомасын оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен өндірді

10/08/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен талапкер «ГДК ПромТехнология» ЖШС-нің жауапкер «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-нан 36 777 327 теңге мөлшерінде берешек соманы өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Қылмыстық пиғылы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

10/08/2017

2017 жылдың қаңтар айының басында «КарЖас-М» ЖШС-нің күзетшісі 13 қаңтар 2017 жылы өзінің бастығы- жәбірленуші Ни С.Н. үйінен жұмыскерлеріне еңбек ақы беру үшін қаражат алып шығатынын болжап, яғни бөтеннің мүлкін ашықтан-ашық жымқырып кету туралы қылмыстық ниеті болды. Ол өз жоспары туралы танысы В.А.Риммерге айтады, оған аталған қылмысты жасауды ұсынды, яғни Ни С.М.-ді тонауға көндіріп, екеуі қылмыс туралы алдын-ала сөз байласты.

Полиция қазметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

10/08/2017

Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Теміртау қаласының тұрғыны азамат Қ. қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  667 бабының 1 бөлігімен  іс қаралды. Азамат Қ. аулада достарымен бірге ішімдік ішіп тұрған. Полиция қызметкерлері келгенде олар кете бастады. Полиция қызметкері азамат К.-ға тоқтауын сұрағанда, ол қаша бастаған. Оны құып жеткенде, абайсызда оның шынтағы полиция қызметкерлерінің бірінің жақ сүйегіне тиіп кеткен.

Іс бітімгершілік келісіммен аяқталды

10/08/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арасындағы дау бойынша бітімгершілік келісімі бекітілді.

Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын талқылады

10/08/2017

Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты 11.07.2017 жылғы №№91-VI  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңын талқылады.

Іс-шараға сот төрағасы және судьялар қатысты.

Ұлытау аудандық сотында «Медиация күніне» арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

10/08/2017

Ұлытау аудандық сотының төрағасы С.С.Сағатов «Медиация күні» қарсаңында Ұлытау аудандық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Кездесуге кәсіпқой медиатор Ж.А.Есмурзина, кәсіпқой емес медиатор Е.Абжамалов, жергілікті «Ұлытау өңірі» газетінің тілшілері Ж.Аяшев, Қ.Жұмабай және аудан тұрғындары қатысты.

Ғ. Мұстафин кентінің тұрғындарына “Ашық есік күні“ өткізілді

10/08/2017

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотында медиация институтын дамыту меморандумын жүзеге асыру шеңбері аясында “Қоғамдық сананы жаңғыртуда медиацияның маңызы” тақырыбында “Ашық есік күні” өткізілді.

Пресс-служба Жанааркинского районного суда

10/08/2017

Жаңаарқа аудандық сотында «Медиация күні» республикалық акциясы аясында судья-медиатор Баубеков Абай Отыншиевич пен кәсіби емес медиатор Ахмедин Мэлстің қатысуларымен «Ашық есік күні» іс- шарасы өткізілді.

Іс- шараның мақсаты азаматтық және қылмыстық істер бойынша медиация институтын қолданудағы әрекет етуші заңнамаларды түсіндіру болатын.

Сатпаев қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

10/08/2017

Сәтбаев қалалық сотында төраға Е.С.Сексеновпен «Медиация күні» қарсаңында кәсіби медиатор Есмурзина Ж.А., прокурорлар Накишев Ж.О., Абикенов М.Е. қатысуларымен  «Ашық есік күні» өткізілді.

Абай аудандық сотында медиация мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

10/08/2017

Абай аудандық соты «Медиация күні» республикалық акциясы аясында судья Д. Каримбаевтың төрағалық етуімен «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Іс-шараға кәсіби емес медиатор Л.О. Маканова, Абай ПБ-нің жасөспірімдер ісі бойынша инспектор Калташева О.В., Абай ПБ-нің өкілі, Абай қаласы әкім аппаратының заңгерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Ақтоғай аудандық сотында медиацияны қолдану мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

10/08/2017

Ақтоғай аудандық сотында «Медиация туралы» Заңның қабылдануына орай Ақтоғай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Ж. Төлеуқадыровтың, Ақтоғай АІІБ ЖПҚ-нің басшысы міндетін атқарушы Ө.Әзімбаевтың және Ақтоғай селосы бойынша кәсіпқой емес медиатор М.Сатмагамбетовтің, қорғаушы Б.Қашқыновтың қатысуларымен Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын талқылау бойынша дөңгелек үстел» өтті.

Балқаш қалалық соты және Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен медиация институтын дамытуға бағытталған «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

10/08/2017

Балқаш қалалық соты және Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Медиация күні» республикалық акциясы аясында азаматтардың сот жүйесіне деген сенімділігін нығайту, құқықтық сананы жоғарылату, халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» іс –шарасын өткізді.