Архив событий

15/08/2017

«Ашық есік күні»

15/08/2017

Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ағымдағы жылдың 21 тамызында сағат 10:00-нан бастап 18:00-ге дейін «Ашық есік  күні» іс-шарасын өткізуді жоспарлап отыр. Азаматтарды сот төрағасы Шортанбаев Жанболат Бектұрсынұлы қабылдайды.

Қабылдау Теміртау қаласы Республика даңғылы 36 үй, 3 қабат мкен-жайы бойынша өтеді.

Қоғамдық орындарға масаң күйінде жүргені үшін ерекше талаптар белгіленді

15/08/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы 4 бөлігі бойынша (жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) Молодежный кентінің тұрғынын кінәлі деп таныды.

Алкоголь өнімін сатқаны үшін айыппұл салынды

15/08/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабы 3 бөлігі бойынша (мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда,      алкоголь         өнiмiн:   сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн; этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу) Ақбұлақ ауылының тұрғыны кінәлі деп танылды.

Іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

15/08/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігі бойынша (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса)   Мирный ауылының тұрғыны аз.Ф-ға қатысты әкімшілік іс қарады.