Архив событий

16/08/2017

Шетел азаматы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзды

16/08/2017

Ұлытау аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін Өзбекстан азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Өзбекстан азаматы ҚР-ның аумағына келіп, Жезқазған қаласына тіркелгенімен, Қарағанды облысы бойынша Жезді кентінде тұрып, жұмыс істеп жатқандығы анықталды.     

Бұқар-жырау аудандық сотында «Ашық есік» күні өтті

16/08/2017

Бұқар-жырау аудандық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы судья Ж.М.Нурсалинова мен кәсіби емес медиатор М.Ибраева және жергілікті  БАҚ-тің өкілдерінің  қатысуларымен «Ашық есік» күні өтті.

Әкімшілік жауапқа тартылды

16/08/2017

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен (ұсақ бұзақылық)  М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат М. Теректі ауылы №3 үй ауласында  темекісінің қалдығын күл-қоқысқа арналған жәшікке тастамай, жерге тастай салған, сөйтіп төңірегіндегілерге сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған.