Архив событий

28/08/2017

МАЭС жүк тиеу-түсіру жұмыстарын тоқтатты

28/08/2017

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Қарағанды облысы бойынша экология департаменті ЖШС жүк тиеу-түсіру жұмыстарын тоқтату туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Құқық бұзушылықты қайталағаны үшін қамауға алынды

28/08/2017

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат А-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 2-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Азамат А. үйдің кіре берісінде балағат сөздер айтқан. Осы құқық бұзушылық әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталанған.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

28/08/2017

Шахтинск қалалық сотында аз.О-ға қатысты ҚР ҚК  188-бабының 1 бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жысырын ұрлау) бойынша  қылмыстық іс медиация тәртібімен, яғни сотталушы мен жәбірленушінің татуласуына және келтірілген зиянның өтелуіне байланысты қысқартылды. Аз.О. қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Медиаторолардың қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді

28/08/2017

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында медиаторлардың қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.

Аталған іс-шараға «Диалог – дауларды шешу орталығы» жеке мекемесі және «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторлары қатысты.

Осакаров ауданының №2 аудандық сотында қызмет әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өтті

28/08/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық сотында  «Қызметтік этика және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда қызмет көрсетудің жоғары моральді – адамгершілік атмосферасын қалыптастыру» және «Сот қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Велосипед ұрлағаны үшін бас бостандығынан шектелді

28/08/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық сотымен Молодежный кентінің тұрғыны ҚР ҚК – нің 188 бабы 1 бөлігі бойынша (ұрлық, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) мүлікті тәркілеумен 1 жыл 6 айға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Соталушының велосипед  ұрлағаны анықталды.

Сотпен банктік шарты бойынша несие қарызы өндірілді

28/08/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық сотымен талапкер “Қаржы орталығы” АҚ-ның талабы бойынша жауапкерден қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында, тараптар арасында несие беру келісім  шарты жасалғандығы аныкталды. Жауапкердің шарттық міндеттемелер талаптарын бұзуы салдарынан сотқа жүгінуге негіз болған.

«Қарағанды қаласы әкім аппараты» ММ-не қатысты жеке ұйғарым шығарылды

28/08/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" ММ-і жауапкер "Industrial Company "Zoom" ЖШС-і мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, 1053 теңге айыппұл сомасын өндіру туралы азаматтық ісі бойынша жеке ұйғарым шығарылған.

Басқарудың белгiленген тәртiбiне қол сұғатын құқық бұзушылық үшін әкімшілік айыппұл

28/08/2017

Шет аудандық сотымен «Шет ауданы құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) қозғалған әкімшілік іс қаралды.

МАЭС АҚ-нан 140 миллионнан аса теңге өндірді

28/08/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер ЖШЖК жауапкер «АрселорМиттал Темиртау» АҚ –нан берешек пен айыппұл сомасын өндіру туралы азаматтық ісін қаралды.

Темекінің қалдығын жерге тастағаны үшін қамауға алынды

28/08/2017

Сәтбаев қалалық сотында азамат С-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне (ұсақ құқық бұзушылық) сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат С. Сәтбаев «Асия» дүкенінің жанында, темекіні шегіп, қалдығын жерге тастаған, сөйтіп қоғамдық тәртіпті бұзған.

Соттың шешімімен еңбек өтілі анықталды

28/08/2017

Ақтоғай аудандық сотында азаматша Ш-ның еңбек өтілін анықтау жөніндегі заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.