Архив событий

05/09/2017

Сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

05/09/2017

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында Г– нің М – ға сапасыз өнімді сатуға байланысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау және моральдық зиянды қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Полиция қызметкерінің заңсыз іс-әрекетіне келтірілген шағым қанағаттандырылды

05/09/2017

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Шахтинск қаласының ІІБ-нің ЖППР-ның қызметкерінің Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 601 бабының 1 бөлігімен жасаған хаттамасына келтірілген азамат Б.-ның шағымы қаралды.

Соттарда электрондық цифрлық қолтаңба беру жүзега асырыла бастады

05/09/2017

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында, Октябрь аудандық сотында, Теміртау қалалық соттарында 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап азаматтарға  электрондық цифрлық қолтаңба беру қызметі жүзеге асырыла бастады.

Благотворительная акция «Дорога в школу»

05/09/2017

Шет аудандық соты Республикалық дәстүрлі акция «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету» ұранымен жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағында өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысып, өз үлестерін қосты.

Көлік құралын масаң күйде жүргізгені үшін 20 тәулікке қамаққа алынды

05/09/2017

Қарағанды қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттері) бойынша аз.А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Ата заң – толағай жетістіктердің қайнар көзі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

05/09/2017

Шет аудандық соты Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-нің  әдіскерлерімен, кәсіби емес медиатордың, Шет ауданы Әділет Басқармасының өкілдерімен, ауыл ақсақалдарының, Шет ауданы мәдени-сауық орталығы қызметкерлерінің қатысуларымен «Ата заң – толағай жетістіктердің қайнар көзі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

МАЭС-та БАҚ-мен сұхбат өткізілді

05/09/2017

2017 жылдың 4 қыркүйегінде БАҚ-мен жұмысты үйлестірушісі судья И.Куспаева «Астана» ТА, «КазТАГ» ҚТА және  «Взгляд на события» баспасөз басылымының тілшілеріне сұхбат берді.

Сұхбат  кезінде,   Қарағанды қаласының орта мектептерінің мердігерлік ұйымдарға қатысты талаптары бойынша сот өндірісіне келіп түскен арыздары туралы ақпарат берілді.