Архив событий

07/09/2017

Тонау процессуалдық келісім жасасу арқылы реттелді

07/09/2017

Шахтинск қалалық соты ҚР ҚК-нің 191-бабының     2-бөлігінің 1,2 тармақтарына сәйкес (жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп бірнеше рет жасалған)  В-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Қарағанды облыстық сотында «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесінің маңызды мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07/09/2017

Бүгін Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығында «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесінің маңызды мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ұлытау аудандық сотымен заңды факт анықталды

07/09/2017

Азамат Т. сотқа арызбен жүгініп, 1970 жылдың 1 сәуірінен 30 қыркүйек айына дейін Ұлытау ауданды, Жезді кент байыту фабрикасында жұмыс істегенін негіздеді. Бірақ еңбек өтілімін есептеу кезінде, сол фабрикада жұмыс жасаған кезең қосылмаған, себебі еңбек кітапшасында жұмыстан шығу туралы жазба болмаған.

Өз негіздерін және берілген талабын дәлелдеу мақсатында арызданушы сотқа еңбек кітапшасын және мұрағаттық анықтамалар ұсынды.

Ұлытау аудандық сотымен арызданушының талабы толығымен қанағаттандырылып,  заңды факт анықталды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл салынды

07/09/2017

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық сотымен азамат Б-ға  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабы 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б. ішкі істер органдарында тіркелмеген 16-калибрлі тегіс ұңғылы және оның 4 патронын заңсыз иеленіп, үйінде сақтаған.

МАЭС ғимаратты пайдалануына тыйым салды

07/09/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер "Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті Қарағанды қаласының төтенше жағдайлар басқармасы" РММ-нің жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратын пайдалануына тыйым салу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Теміртау қалалық сотында мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен «Дөңгелек үстел» өткізілді

07/09/2017

Теміртау қалалық сотында Конституция Күні мерекесі қарсаңында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен «Конституция – бостандықтың және теңділіктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге прокуратураның, адвокатураның, әкімшіліктің, әділет Басқармасының, Теміртау қаласының құқық қорғау органдарының, сонымен қатар «За единство народа, преемственность традиций и поколений» ҚБ-нің, «Институт толерантности и согласия» ҚБ-нің өкілдері қатысты.