Архив событий

08/09/2017

Дау медиация тәртiбiмен бекітілді

08/09/2017

Шет аудандық сотында талапкер К-нің жауапкер М-дан СО «Номад Э 701» 1 классты электрсанауыш мемлекеттік стандартқа тексертіп өз шығынына қорытындысымен қайтару және тарифсіз алған 5 500 тенгені өндіру туралы азаматтық ісі медиациялық келісім шарт негізінде аяқталды.

Жанұялық жанжал үшін 3 тәулікке қамалды

08/09/2017

Осакаров ауданының №2  аудандық соты құқық бұзушы Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Д. өзінің анасымен жанжал шығарып, оған сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеп, балағаттап, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген.

Сот жылжымайтын мүлікке иелену мерзіміне байланысты меншік құқығын тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты

08/09/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық сотында азаматша К. Осакаров ауданының Әкімінің аппаратына қатысты мүлікке иелену мерзіміне байланысты меншік құқығын тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот жол-көліктік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл салды

08/09/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша Павлодар облысының тұрғыны кінәлі деп танылды.

Сот денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік жаза тағайындады

08/09/2017

Сәтбаев қалалық сотында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен азамат Ж. туындаған отбасылық жанжал кезінде баласының бетіне және ішіне соққы жасап, осы әрекетімен оның денсаулығына жеңіл зиян келтіргені анықталды.

Балқаш қалалық сотымен кезекті "Ашық есік күні" шарасы өткізілді

08/09/2017

Балқаш қалалық сотының төрағасы Нұрлыбек Өмірбекұлы Сыздыков азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді.

"Ашық есік күні" шарасында қалалық сот төрағасының қабылдауына өздерін толғандырып жүрген жеке мәселелері бойынша жергілікті тұрғындар жүгініп, дәлелді және толық жауаптарын алды.

Жүгінуге келген азаматтар қылдырып кеткен тұрғын үйді иелену, пайдалану және билік ету жөнінде құқықтарды қалпына келтіру туралы, сот үкiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау, жоғалған құжатты қалпына келтіру мәселелері бойынша жүгінді.