Архив событий

12/09/2017

Шығын регресс тәртібімен өндірілді

12/09/2017

«Қазақмыс» сақтандыру компаниясы» АҚ-ы сотқа арызбен жүгініп, 31 желтоқсан 2016 жылы жауапкер А. өзінің «ВАЗ 2105» маркалы автокөлігін АҚ-да сақтандырғандығын, 29 қаңтар 2017 жылы жауапкер А., аталған көлікті басқару кезінде, азамат С-ның басқаруындағы көлікті соғып, жол көлік оқиғасына ұшырап, соңғыға 183 966 теңге материалдық шығын келтіріп, оқиға орнынан жасырынғандығын негіздеген.

Жанұялық жанжал үшін 10 тәулікке қамаққа алынды

12/09/2017

Ұлытау аудандық соты құқық бұзушы А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73 бабының 2 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

12/09/2017

Бұқар жырау ауданының № 2 аудандық сотында аз. Ш.-ға қатысты ҚР ҚК-нің  188- бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Аз. Ш. өзінің бұрынғы әйелінің үйінде болғанда, жатын бөлмесінде орналасқан жиһаздан ақшаның бар екенін алдын ала біле тұра, ұрлап әкеткен. Жәбірленушіге 20 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.

Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін айыппұл салынды

12/09/2017

Бұқар жырау ауданының № 2 аудандық сотында аз. Б.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127- бабының 1-бөлігі (кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

12/09/2017

Бұқар жырау ауданының № 2 аудандық сотында медиация тәртібімен аз С. мен аз К.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 187 бабының 1-бөлімі (ұсақ-түйек жымқыру) бойынша қозғалған қылмыстық іс қысқартылды.

ІІБ-нің қаулысын орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

12/09/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат М-ге  қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабына (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау)  сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

12/09/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат П-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 480-бабының 2-бөлігіне (әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзу)  сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс  қаралды.

МАЭС АҚ-нан 16 миллионнан аса теңге өндірді

12/09/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер АҚ жауапкер «АрселорМиттал Темиртау» АҚ –нан залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.