Архив событий

14/09/2017

Аса ірі мөлшердегі кенепшөп сақтағаны үшін сотталды

14/09/2017

Ұлытау аудандық аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300 бабының 2 бөлігі 3 тармағымен (аса ірі мөлшерде құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп -өсіру) айыпталған азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарынан, полиция қызметкерлерімен шұғыл-профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында азамат Б-дан аса ірі көлемде сораның 123 бұтасы табылып, оның құрамында есірткі заты бар екендігі анықталды.

Сотта сотталушы өз кінәсін  толық мойындады.

Сот шешімін орындамағаны үшін қамауға алынды

14/09/2017

Қаркаралы ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669 бабына (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) сәйкес азамат С-ға. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Акционерлік қоғамынан айыппұл сомасы өндірілді

14/09/2017
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер ААҚ –ның жауапкер «АрселорМиттал Темиртау» АҚ –нан сапаға сай келмейтiн тауарларды жеткiзгені үшін айыппұл сомасын өндіру туралы  азаматтық ісі қаралды.

Медиацияны қолдану мәселесі бойынша көшпелі семинар өтті

14/09/2017

Бұқар жырау ауданының Петровка ауылында аудандық сотының төрағасы Дурдыев Рафаил Ибрагимович медиацияны қолдану туралы семинар өткізді.

Аталған шараға Петровка ауылдық округінің әкімі А.Ахметов, әкімшілік мамандары және мамандандырылмаған медиаторлар қатысты.

Бұқар-Жырау аудандық сотының төрағасы Петровка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

14/09/2017

Бұқар жырау ауданының Петровка ауылында аудандық сот төрағасы Дурдыев Рафаил Ибрагимович азаматтарды қабылдау жүргізді.

Сот төрағасы қабылдауына ауылдың бірнеше адамдары әртүрлі мәселелер бойынша: пәтерлер мен үйлерге жеке меншік құқығын тану, отбасылық заңнама, жер қатынастары және келісім шарт міндеттемелері туралы сұрақтармен жүгінді.

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының төрағасы азаматтарды «Ашық есік күнінде» қабылдады

14/09/2017

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Алмаз Серікұлы Ибраев «Ашық есік күнін» өткізді.

Аталған іс-шара халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін көтеру, сонымен қатар сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеті үшін бас бостандығынан айырылды

14/09/2017

Осакаров аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 345 бабының 4 бөлігімен (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда екi адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет)   аз.Р.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қарағанды оьлыстық сотында судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырушы сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқу семинары өткізілді

14/09/2017

Бүгін Қарағанды облыстық сотында судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырушы сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқу семинары өткізілді. Семина тақырыбы: «Шарттық жауапкершілік».

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

14/09/2017

Ұсақ бұзақылық - қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың ең көп тараған түрлерінің бірі. Аталған құқық бұзушылық адамдардың көзінше, өзге адамдарға сыйламаушылық көрсетіп, сондай-ақ жеке тұлғаларға қорлап тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын және тағы басқа ұқсас әрекеттерін жасап, қоғамдық жерлерде заңсыз әрекеттер болып табылады.

Жол қозғалысын бұзғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды

14/09/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Т-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігіне сәйкес (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ тұлға алкогольдік мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке қамаққа алынды

14/09/2017

Сәтбаев қалалық сотында ҚР ӘҚБтК 608 бабының 6 бөлігімен көзделген (жүргізушінің алкогольден мас күйінде көлік құралын жүргізуі және көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адамдар жасаған іс-әрекеттер) азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Кеңсе қызметкерлерінің еңбек тәртібі. Іскерлік әдепті және киім киюдің іскерлік стилін сақтау»

14/09/2017

Шет аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Л.Ж.Тойғанбекова «Кеңсе қызметкерлерінің еңбек тәртібі. Іскерлік әдепті және киім киюдің іскерлік стилін сақтау» тақырыбында кеңсе мамандары арасында семинар сабағын өткізді.