Архив событий

15/09/2017

Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 3 тәулікке қамауға алынды

15/09/2017

Қарқаралы аудандық сотымен ҚР ӘҚБК-нің 73-1 бабының 1 бөлігімен  қозғалған әкімшілік іс қаралды.

Азамат Е. өзінің туысқанымен сөзге келіспей қалғандықтан, оны ұрып, жеңіл дәрежелі дене жарақатын келтірген, нәтижесінде оның денсаулығының қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан.

Қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін 5 тәулікке қамаққа алынып, оған ерекше талаптар тағайындалды

15/09/2017

Ұлытау аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440 бабы 4 бөлігі бойынша (жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) Ұлытау селосының тұрғынын кінәлі деп таныды.