Архив событий

20/09/2017

Мүлікті тыйымнан босату туралы талап қоюшының талабы қанағаттандырылды

20/09/2017

Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотына талап қоюшы А.-ның жауапкер «Қарағанды қаласы Әділет басқармасы» РММ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қарағанды облысы бойынша Департаментіне мүлікті тыйымнан босатуы туралы талабымен жүгінді.

Күрделі сұрақтар бойынша семинар өткізілді

20/09/2017

Тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанна Сейдалина судьялардың қатысуымен семинар сабағын өткізді.

Кәмелетке толмаған азаматқа жеңіл жарақат түрінде зиян келтірді

20/09/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Х.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Сот Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің нормаларын бұзғандығы үшін ІІБ-не жеке қаулы шығарды

20/09/2017

Ұлытау аудандық соты азамат С. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабының 2 бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзуға, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан әрекет) қозғалған әкімшілікті істі қарау барысында жеке қаулы шығарды.

Сот өкілдері «Отбасы күні» мерекесіне арналған дөңгелек үстел іс-шарасына қатысты

20/09/2017

Нұра ауданы әкімдігі ғимаратында «Отбасы күні» мерекесін атап өту мақсатында аудандық әкімдігі мен аудандық ішкі істер бөлімінің әйелдер мен кәмелетке толмағандарды қорғау бойынша тобының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы шеңберінде «Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға болады» деген тақырыппен дөңгелек үстел өткізілген болатын.

Қылмыстық іс медиациямен аяқталды

20/09/2017

Нұра аудандық сотымен аз. К.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы аз. К. аз. С.В. Паскеевтың үйіне келіп, есігінде құлып тұрғанын көріп, бөтен адамның мүлкін жасырын түрде ұрлауға бағытталған қылмыстық пиғыл туады. Осы кезде оның іс-әрекетін ешкім бақылап тұрмағанын пайдаланып, үйдің терезін ашып кіріп, үйдің ішінен темір ыдыс- аяқтарын ұрлап, оның нәтижесінде жәбірленушіге жалпы сомасы 28 000 теңге құрайтын материалдық шығын келтірілген.

Қоғамдық жұмысқа тартылды

20/09/2017

Осакаров аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігімен азамат Г-ге қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу

20/09/2017

Ұлытау аудандық сотының төрағасы С.Сағатов «Ұлытаудың іскер әйелдері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Э.С.Ершұманова және «Арша Фаранд» қоғамдық қорының жетекшісі С.Б.Мұхамбетовпен кездесу өткізді.

«Тәрбие басы-Тіл»

20/09/2017

Осакаров аудандық сотында «Тәрбие басы-Тіл» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Іс-шараға судьялар мен сот мамандары қатысты.