Архив событий

21/09/2017

Сот еңбек кітапшасының заңдық маңыздылығын анықтап берді

21/09/2017

Ұлытау аудандық соты еңбек кітапшасының тиістілігі туралы заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы өтініші бойынша азаматтық істі қарады.

Арызданушы К. өзінің арызында қазіргі кезде зейнет жасына жетуіне байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы алу үшін құжаттарын рәсімдеп жүргенін айтқан. Алайда, Ұлытау ауданының ХҚКО-да оның еңбек кітапшасында жазба толтыру кезінде әріптен қате кеткенін көрсеткен.

Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

21/09/2017

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мен «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық Коғамдық Бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Медиаторлардың қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді

21/09/2017

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында медиаторлардың қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараға «Диалог – дауларды шешу орталығы» Жеке мекемесі және «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторлары қатысты.

Сот алкоголизмнен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберді

21/09/2017

Ұлытау аудандық сотымен талапкер «Облыстық наркологиялық диспансер» ҚММ-нің азамат Д-ны мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеуге жіберу туралы азаматтық ісі қаралды.

Азамат Д. наркологиялық есепте тұрады. Туысқандарының салауатты өмір-салтын ұстан дегеніне құлақ аспай, ішімдік ішуді жалғастыруда.

МАЭС залал сомасын өндірді

21/09/2017
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер "Теміртау электрметаллургиялық комбинаты" АҚ-ның жауапкер «ҚазАтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-нан, «Сейсер» ЖШС-нен 272 806 теңге мөлшерінде залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Кәмелетке толған балаға білім алу кезеңінде алимент өндірілді

21/09/2017

Балқаш қалалық сотында талапкер Т.-ның борышкер Р.-дан күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын кәмелетке толған баласына алименттіжәне оқуға байланысты қосымша шығындарды өндірутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуді іске асыруды ЖШС-ке міндеттеді

21/09/2017

Балқаш қалалық сотында талапкер Ж.-ның жауапкер «Корпорация Казахмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуді міндеттеужәне моральдық зиян үшiн өтем өндiру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекітілді

21/09/2017

Талапкер П. жауапкер Е-мен мінез-құлықтары жараспағандықтан некелерін бұзуды сұраған.

Сот мәжілісінде тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін ұсынып, оны бекітуді өтінді. Соған сәйкес тараптар өзара татуласып, талапкер өзінің талап арызынан бас тартты.

Іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

21/09/2017
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ-нің жауапкер шаруа қожалығынан субсидиялық төлемдерді қайтару туралы азаматтық ісі қаралды.

«Некенің бұзылуы кезінде баланың тұрғылықты орнын анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

21/09/2017

Аудандық соттың оқу орталығының жоспарына сәйкес Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотында «Некенің бұзылуы кезінде баланың тұрғылықты орнын анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.