Архив событий

04/10/2017

Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагерлерін «Қарттар күні» мерекесімен құттықтады

04/10/2017

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьялары сот жүйесінің ардагерлері К.Т.Ешмагамбетов пен Н.А.Оплачконы қарттар күнімен құттықтап, жас ұрпаққа берілген көп жылғы мінсіз еңбегі үшін, баға жетпес тәжірибе үшін алғыстарын білдіре отырып, оларға денсаулық пен амандық тіледі.

Шет аудандық сотында «Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

04/10/2017

Шет аудандық сотында «Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі, сот қызметкерлері, Шет ауданы ІІБ-нің қызметкерлері, «ШетКоммунСервис» КМКК қызметкерлері, Шет ауданы мәдениет бөлімінің мамандары, Шет ауданы Агротехникалық колледжінің оқытушылары, кәсіби емес медиатор қатысты.

Үкіметтік емес ұйымдармен кездесу өткізілді

04/10/2017

Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде қойылған тапсырмаларды, оның ішінде «Медиация институты» мен «Сот кабинеті» сервисін жергілікті бұқараға насихаттау және түсіндіру мақсатында Нұра аудандық сотында сот төрағасы Серік Маратұлы Жұмабековтың ұйымдастырумен «Медиация – татуластыру институты» және «Сот кабинеті сервисі – жедел, ашықтық және қолжетімді» тақырыптарында дөңгелек үстел іс-шарасы өтті.