Архив событий

10/10/2017

Кәмелетке толған балаға білім алу кезеңінде алимент өндірілді

10/10/2017

Балқаш қалалық сотында талапкер Т.-ның борышкер Р.-дан кәмелетке толған күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын кәмелетке толған баласына алиментті және оқуға байланысты қосымша шығындарды өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Медиация қолданыста

10/10/2017

Шахтинск қалалық сотымен азамат Б.-ның азамат К.-ға жол-көлік оқиғасынан келтірілген материалдық залал төлеу туралы азаматтық ісі бойынша медиациялық келісім бекітілді. Осы келісімнің шарттарына сәйкес, талапкер Б. талаптан бас тартады, ал жауапкер материалдық залал сомасын 2018 жылдың 31 қантарына дейін төлеугеі міндеттелді.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында медиативті келісім бекітілді

10/10/2017

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотына талап қоюшы А. «А» АҚ-нан жол көлік апаты салдарынан келтірілген моральдық залалдың орнын толтыру туралы талап қою арызымен жүгінді.

Сот отырысы барысында талаптар бітімгершілік келісімге келді.

Алимент бойынша мәселе бітімгершілік рәсімі арқылы шешілді

10/10/2017

Шахтинск қалалық соты О-ның Д-дан кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алиментті қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша дауды реттеу туралы партисипативтік рәсім тәртібімен келісімін бекітті.

Алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін сотталды

10/10/2017

Шет аудандық сотымен аз.Ж-ға қатысты  ҚР ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) қозғалған қылмыстық ісі қаралды.