Архив событий

19/10/2017

Оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде іс қаралды

19/10/2017

Осакаров ауданының №2 аудандық сотымен Молодежный кенті тұрғыны азаматша К.-ға қатысты қарыз шарты (қолдаухат) бойынша борышты өндіріп алу туралы оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде азаматтық іс қаралды.

Жол-көліктік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл салынды

19/10/2017

Осакаров ауданының № 2 аудандық соты  ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша Молодежный кентінің тұрғыны кінәлі деп танылған.

Сот әкімшілік қадағалауды бұзғаны үшін ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындады

19/10/2017

Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотымен аз. В. қатысты ҚР ӘҚБтК- нің 480 бабының 1бөлігіне (Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзу) сәйкес әкімшілік іс қаралды.

МАЭС «Сот кабинеті» мобильдік қосымша бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

19/10/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сот кабинеті» қызметінің ақпараты мен имиджін қолдау мақсатында «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қарағанды облыстық сотында «Еңбек заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

19/10/2017

Қарағанды облыстық сотында «Еңбек заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Модератор ретінде Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының төрайымы Сейдалина Жанна, модераторға тең дәрежеде облыстық сот судьясы Пак Игорь сөйледі.

Әкімшілік қамауға алынды

19/10/2017

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) бойынша Өзбекстан Республикасының азматы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

МАЭС үкіметтік емес ұйымдармен заңнаманың нормаларын түсіндіру практикумін өткізді

19/10/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты іс-шаралардың аясында қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіру бойынша түсініктеме беретін практикум өткізді.