Архив событий

20/10/2017

Қарағанды облыстық сотында «Дауларды банктер және микроқаржылық ұйымдар туралы заңнамаларды қолданумен қараудағы сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

20/10/2017

Дөңгелек үстелге азаматтық істер бойынша сот алқасының төрайымы Жанна Сейдалина, облыстық соттың бірнеше судьясы, банктік дауларды қарауға мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, сондай-ақ облыстық прокуратура өкілдері, «Доступные деньги населению» ЖШС-нің өкілдері, «Қазақстан Республикасы ұлттық банкі», екінші дәрежедегі банктердің бөлім басшылары және юрисконсульттары қатысты.

Әкімшілік айыппұл салынды

20/10/2017

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жолжүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Балқаш қалалық соты 2017 жылдың 9 айында атқарылған сот төрелігінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

20/10/2017

Балқаш қалалық сотында жергілікті баспасөз ақпарат құралдарының қатысуларымен 2017 жылдың 9 айында атқарылған сот төрелігінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.

«Тергеу судьясының өкілеттілігі кеңейді» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

20/10/2017

Ақтоғай аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттілігі кеңейді тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына судьялар, Ақтоғай ауданының прокуроры Г.Муканов, Ақтоғай ауданының ІІБ басшысы Орынбеков Е.М., және көші-қон полициясы қызметкерлері қатысты. Аудандық сот төрағасы М.З. Қасымбеков дөңгелек үстелді барысында Ұлт жоспарында жүктелген тапсырмаларға сәйкес, тергеу судьяларының өкілеттігін кеңейту бойынша атқарылған жұмыстар төңірегінде ой қозғады.

«Заңды білмеу жауаптылықтан босатпайды»

20/10/2017

Осакаров аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен (ұсақ бұзақылық) аз.М.-ге қатысты әкімшілік іс қарады.

аз.М.Осакаров кентіндегі аумағында қоғамдық орында ортақ пайдалану орнында шешімкені шағып, оның қалдығын жерге лақтырған, осы әрекетімен заңда белгіленген қоғамдық тәртіпті бұзатын ұсақ бұзақылық жасаған.