Неліктен медиация рәсімін пайдаланған жөн?

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

1. ТИІМДІ: медиация жүргізу үдерісінде тараптар қол жеткізген келісулер ерікті және тараптар келіскен мерзімдерде орындалады. Сот шешімдері Заң бойынша екі айға дейінгі мерзімде, тәжірибеде сот шешімдері одан ұзақ уақытта орындалады.

2. ҚЫМБАТ ЕМЕС: медиация рәсімінің пайдалануы сот шығындарының қажеттілігіне ұшыратпайды; тараптар медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім жасаған уақытта төленген мемлекеттік баж заң белгілеген тәртіпте қайтарылады.

3. ТЕЗ: ықылас бар болған уақытта, дауды бірнеше сағатта реттеу мүмкін.

4. ІСКЕРИ БАЙЛАНЫСТАРДЫ САҚТАУ: бітімгершілікке келген жағдайда, тараптардың іскери қатынастары тек сақталып қана қоймайды, сонымен қатар одан әрі нығая түседі.

5. «ӘЛСІЗ» ТАРАПТЫ ҚОРҒАУ, ол өз мүдделерін қорғау үшін әркез жоғары білікті заңгерлер жұмылдыру мүмкіндігіне ие емес.

6. БӘРІ ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА: шешім сотпен қабылданатын сот талқылауына қарағанда, медиация рәсімін пайдалана отырып, тараптар оларға келетін нәтижеге өз еркімен келеді.

7. ҚҰПИЯ: медиация рәсімі жариялылықтың жоқ болуымен сипатталады, ол дегені құпия ақпараттың жария етуінен құтылып кетуге мүмкіндік береді.

8. ТАРАПТАР МҮДДЕЛЕРІНЕ БАҒДАРЛАУ: медиация рәсімін пайдалану қолданыстағы тараптар мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

9. ДЕЛДАЛДЫ (МЕДИАТОРДЫ) ТАҢДАУ: медиация рәсімін пайдалану барысында тараптар даудың реттелуіне ықпал ететін тұлғаны өз еркімен таңдауға құқылы, бұл дегені тараптардың осындай тұлғаға сенім тудырады және бітісу нәтижесінің беделін нығайтады.

10. ЖАЙЛЫЛЫҚ, СЕНІМ ЖӘНЕ ЫҢТЫМАҚТАСТЫҚ: процессуалдық форманың және сот атрибутикасының қажетті элементтерінің жоқ болуы дау қатысушылары үшін психологиялық жайлылығын, сенім және ыңтымақтастық атмосферасын құрайды.

Медиация рәсімін сот процесінде қалай пайдалану?

Медиация рәсімін сот процесінде пайдалану үшін сот отырысында үзіліс жариялау туралы (келіссөздерді жүргізу) немесе сот талқылауын кейінгіге қалдыру туралы (келіссөздер жүргізу немесе медиация рәсімдері) жазбаша өтініммен судьяға жүгіну қажет.