"Сот медиациясы" пилоттық жобасы туралы жадынама

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Медиция – бейбітшіліктің кілті!

2014 жылдың сәуір айында азаматтық сот өндірісіне судьяның қатысуымен (сот медиациясы) татуласу процедурасының пилоттық жобасы енгізілді.

Сот медиациясы

Сот медиациясы – татуласуды жүзеге асыратын судья арқылы сот отырысы тараптарының арасындағы дауды татуласу процедурасы арқылы реттейді;

Дауды келісім бойынша реттеу – сот медиациясы арқылы қол жеткізген тараптардың жазбаша келісімі.

Жоба мақсаты

Пилоттық жобаның мақсаты – татуласуды жүзеге асыратын судьяның көмегімен дауды сот медиациясы арқылы реттеуді азаматтық сот өндірісіне енгізу.

Процедура негіздері

Сот медиациясы татуласуды жүзеге  асыратын судья арқылы тараптардың келісімімен жүргізіледі.

Медиация мынадай қағидаттар негізінде жүргізіледі:

  1. еріктілік;
  2. медиация тараптарының  тең құқылығы;
  3. медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы;
  4. медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік;
  5. құпиялық;
  6. қолданыстағы заңнамаға  сай болуы.