Сот медиациясы пилоттық жобасын жүзеге асыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қарағандыда жаңа ҚР Азаматтық іс жүргізу туралы Кодексінің жобасы талқыланды

Қазақстан Республикасы Үкіметімен бірлесе отырып ҚР Жоғарғы Сотымен құрылған жұмыс тобымен жаңа Азаматтық іс жүргізу туралы кодексінің жобасы әзірленіп, талқылауға ұсынылған болатын. Заң жобасы Жоғарғы Соттың ғаламтор көзіне орналастырылған. Жаңа жобада сот төрелігінің қолжетімдігін арттыру қарастырылған, сонымен қатар, іске қатысушыларға азаматтық істердің қаралу тәртібінің қолайлы тәртібі ұсынылып, дауларды сотқа дейін шешуге көмектесетін медиация тәртібіне аса көңіл бөлінген.

Ағымдағы жылдың 26-сәуірінде Қарағанды облыстық сотының бастамасымен «Достар Әлем» орталығында GIZ халықаралық ынтымақтастығы бойынша Германия қоғамының халықаралық сарапшыларының, судьялардың, құқықорғау органдарының, әділет, денсаулық сақтау, білім басқармаларының, кәсіпкерлер ассоциациясы мен банктердің өкілдерінің қатысуымен ҚР жаңа Азаматтық іс жүргізу Кодексінің жобасын талқылау мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.
       Заң жобасын жетілдірудің негізгі бағыттарымен Қарағанды облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрайымы Ж. Сейдалина таныстырып өтті.
Германияның сот органдарының жұмыс тәжірибесімен Бремен қаласының учаскелік сотының судьясы, Германия қоғамы халықаралық қауымдастығының сарапшысы Генрих Шниттер бөлісті.
Алқалы жиында судьялардың, облыс прокуратурасы өкілдерінің, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректорының, Б.Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясы өкілінің, сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік Кеңесінің мүшесі Р. Мухамедшиннің баяндамалады тыңдалды.
Жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша тараптардың құқықтары мен дәлелдерді келтіру міндеттері бірінші саты соттарында түсіндіріледі.   Дауларды сотқа дейін шешу механизмдерін дамыту үшін жекелеген санаттағы істер үшін «Дауларды сотқа дейін реттеу» атты жаңа бөлім енгізілмекші. Сонымен  қатар, кәсіби өкілдік институты сұрақтары жандандырылып, кассациялық сот алқасымен апелляциялық сот алқасына жаңадан қарауға жіберу негіздерін азайту және тағы да басқа жаңалықтар дөңгелек үстелге қатысушылармен қызу талқыға түсті.
 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы
 

Экономикалық сотта өткен азаматтарды қабылдау шарасы

2014 жылдың 18-сәуірінде мамандандырылған ауданаралық эконмикалық сотта Қарағанды облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ж. Сейдалинаның, облыстық соттың судьялары Л. Хонның, Р. Серғазинаның, А. Қанбаевтың және экономикалық соттың төрағасы М. Туғанбаевтың қатысумен азаматтарды көшпелі қабылдау шарасы өткізілді.   
Аталмыш шара облыстық соттың баспасөз орталығының жоспары аясында өткізіліп тұрады.
Қабылдауға келген азаматтардың көпшілігі заңды тұлғалар: «Қарағанды жолдары» ЖШС-нің өкілі О. Стефаниди, «Қарағанды-Нан» ЖШС-нен – Д. Махатадзе, Қарағанды облысы бойынша «Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» ҚБ-тің өкілі Н. Мубаракшина.
Негізінен салық дауларына, мемлекеттік сатып алуға қатысты істеріне, мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағым түсіруге, сонымен қатар, кедендік және антимонополиялық дауларға қатысты сұрақтар қойылды.
Қабылдауға келген «Сарыарқа» әуежайының өкілдері С. Курбанова, Ю. Гордеева мен «Помощь Плюс» Заңгерлік фирмасы» ЖШС-нің өкілі Ш. Ахметовтер осы соттың судьялары Т. Айдархановқа, Ж. Баймолдинге, А. Казтаеваға, М. Килибаевқа, И. Куспаеваға және А. Тажинаға сот төрелігін асыруда жоғары біліктіліктері үшін алғыстарын білдірді.
Келушілердің әр қойылған сұрағына Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамаларының нормалары түсіндіріле отырып толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.
 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы