Судьялыққа кандидаттарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 

        Ағымдағы жылдың 31қаңтарындаҚазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оларға теңестірілген соттардың алқа төрағаларының және судьяларының бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялаған болатын.

       Жарияланған конкурсқа қатысатын  кандидаттар "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот  Кеңесі туралы" ҚР заңының талаптарына сәйкес, тиісті соттармен  өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесінің  және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алуы қажет.

       Осыған орай, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы ағымдағы жылдың 18 ақпанында  сағат 11.00-де ( облыстық сотының қоғамдық орталық кабинетінде), облыстық соттың жалпы отырысы 18 ақпанында сағат 16.00-де (облыстық соттың пленарлық отырыс залында) өткізілетіндігін хабарлаймыз.