Талап арызды (шағымды) тіркеу туралы талонның баспа үлгісі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құрметті пайдаланушы! Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтында «Сот құжаттарымен танысу» ақпараттық сервисінің іске қосылуына байланысты сот кеңселері  талап  қою арқылы,  бұйрық арқылы, ерекше іс жүргізудегі   арыздарды тіркеу туралы талондарды (бұдан әрі - Талон) беруді жүзеге асырды.

Талон 2 бөліктен тұрады. Талонның бірінші бөлігінде сот процесіне қатысушыларға электронды хабарлау туралы мәлімет болады (өтініш берушіде қалады). Талонның екінші бөлігінде тараптың SMS-хабарлама арқыды элеткронды хабар берілуіне келісетіні туралы белгі қойылады, деректемелері толтырылады (арызға қоса беріледі).

Сотта Талонды толтыруға жұмсалатын уақытты үнемдеу мақсатында Сізге қоса тіркелген Талонды басып шығаруға, талап арызды сотқа тапсырғанға дейін  оны  толтыруға мүмкіндік беріледі.