Ұсынымдар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы
«Сот үкімі туралы» дөңгелек үстелдің
ҰСЫНЫСТАРЫ
                                                                          
2014 жылдың 27 ақпанында Қарағанды облыстық сотында «Сот үкімі туралы» тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша төмендегі келесі ұсыныстар әзірленді:
                                             
1. Үкім құқық қолданудың ең маңызды актілерінің бірі болып табылғандықтан, мемлекет атынан шығарылатын арнайы құжаттың барлық талаптарына сәйкес болуы тиіс.
 
2. Қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьялар, процессуалдық құжаттардың сапасын тиісті түрде қамтамасыз ету үшін, 2002 жылғы 15 тамыздағы №19  «Сот үкімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін ресімдеу бойынша әдістемелік ұсыныстары», Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының дайындаған сот актілерінің үлгілерін терең зерделеу қажет.
 
3. Судьялардың сот үкімін дайындауда, оның құрылымдық бөлігімен қоса грамматика, орфография, стилистикасына т.б. да аса көңіл бөлу қажеттігі назарға алынсын.
 
4. Әрбір сотта қылмыстық іс жүргізу Заңы мен Жоғарғы Соттың «Сот үкімі туралы» нормативтің қаулысының талаптарына сәйкес қатаң түрде соттың үлгі түріндегі үкімдері дайындалсын.
 
5. Соттың үкіміне толығымен айыптау қорытындысынан алып көшіру жойылсын.
 
6. Дөңгелек үстелдің хаттамасы екі үлгі түріндегі үкіммен барлық аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттарға талқылауға  және тиісті шара қолдануға жолдансын.   
 
7. Соттар төрағаларына судьялардың сот актілерін әзірлеуде бақылау күшейтілсін.