Жалпы отырыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

              Қарағанды облыстық сотының

2010 жылдың 19-наурызындағы

жалпы отырысының қаулысымен

(10.02.2011ж., 07.04.2011ж., 27.04.2012ж.

өзгерулер мен толықтырулар енгізілген)

БЕКІТІЛГЕН

 

Қарағанды  облыстық сотының  жалпы отырысының

РЕГЛАМЕНТІ

1-тарау. Жалпы мәселелер

       1-тармақ. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен  судьяларының  мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес, жалпы отырыс Қарағанды облыстық сотының органы болып табылады. Оның мәртебесі, өкілеттігі, отырысты өткізу тәртібі және шарттары, облыстық сот төрағасының, жалпы отырыс хатшысының өкілеттігі, жалпы отырысқа сұрақтарды дайындау тәртібі Конституциялық Заңмен, «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы»,  «Сот жюриі туралы Ережемен» және осы Регламентпен реттеледі.

       2-тармақ. Жалпы кеңес Қарағанды облыстық сотының  жалпы отырысы судьчларының және Қарағанды облысының аудандық, оған теңестірідген соттарының судьяларының қатысуымен кеңейтілген жалпы отырыс түрінде өткізіледі.

       3-тармақ. Қарағанды облыстық сотының жалпы отырысы төраға, алқа төрағалары және облыстық соттың судьялары құрамында әрекет етеді.

       4-тармақ. Қарағанды облыстық сотының жалпы отырысы:

1) тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;

2) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;

3) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

4) уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымына адамды тағайындауға уәкілетті органға келісім береді;

5) уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;

6) облыстық соттың судьясы,  аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелері бойынша тиісті қорытындылар жасайды;

7) уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесінің басшысын қызметтен босату  туралы уәкілетті органға ұсыну  енгізеді;

8) судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиісті қорытынды береді;

9) сот төрелігін іске асыруының сапасы төмен немесе сот істерін қарау кезінде заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген судьяға қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды  және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;

10) облыстық сот төрағасының ұсынысымен облыстық сот судьяларының ішінен жалпы отырыс хатшысын бекітеді;

11) судья лауазымына алғаш рет сайланған немесе тағайындалған облыстық сот алқаларының төрағалары мен судьяларынан, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларынан ант қабылдайды;

12) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

       5-тармақ. Облыстық соттың жалпы отырысы жылына кемінде екі рет шақырылады. Кезектен тыс жалпы отырыс облыстық сот төрағасының бастамасымен шақырылады. Жоспарға енгізу үшін ұсыныстарды төраға, алқа төрағалары және облыстық сот судьялары, облыс прокуроры, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары енгізеді.

       6-тармақ. Жалпы отырыс хаттамасын облыстық сот кеңсесінің мемлекеттік қызметшілерінің ішінен белгіленген техникалық хатшы жүргізеді.

 

2-тарау. Жалпы отырысты дайындау тәртібі

       7-тармақ. Жалпы отырыс хатшысы облыстық сот төрағасымен келісе отырып орындаушылары көрсетілген жалпы отырыстың күн тәртібін жасайды және жалпы отырысқа 15 күн қалғанға дейін нақты өткізілу күнін белгілейді.  Бұл жайлы техникалық хатшы шұғыл арада облыстық сот судьяларын хабардар етеді. Жалпы отырыс хатшысы жалпы отырысқа дайындықты және шақырылғандар мен облыстық сот судьяларының құжаттармен танысуын қадағалайды.

        8-тармақ.  Сот алқаларының төрағалары есептік кезеңдегі алқаның жұмыс қорытындысы бойынша ақпарат беріп, сот жұмысының жоспары бойынша ұсыныстарын бір апта бұрын беруі керек.

        9-тармақ. Жалпы отырыстың күн тәртібіне енгізілген сұрақтар бойынша жауапты орындаушылар сот төрағасына қажетті құжаттардың дайындығы туралы жалпы отырысқа екі күн қалғанда мәлімдеуі қажет.

        10-тармақ. Облыстық соттың жалпы отырысының құзіреттілігін анықтау үшін басталар алдында техникалық хатшы келген облыстық сот судьяларын, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларын тіркеуден өткізеді.

 

3-тарау. Жалпы отырыстың жұмыс тәртібі

         11-тармақ. Жалпы  отырыс облыстық сот судьяларының жалпы санының үштен екісі болғанда ғана құзіретті.

         12-тармақ.  Жалпы отырыс облыстық сот төрағасының немесе ресми оның орнын алмастырушының төрағалық етуімен өтеді, ол:

-жалпы отырыстың жүргізілуіне басшылық жасайды, аталған Регламенттің ережелерінің сақталуын бақылайды;

-кезектілік тәртібімен, күн тәртібіне, осы Регламенттің талаптарына сәйкес немесе жалпы отырыс шешімімен анықталған өзге де тәртіпте сөйлеу үшін сөз береді;

-процедуралық сұрақтар бойынша кезектен тыс сөз береді;

-әрбір ұсынысты түсу ретіне қарай дауыс беруге қояды; 

-ашық дауыс беруді  және дауыс берудің есебін ұйымдастырады, дауыс беру қорытындысын жариялайды;

-осы регламенттің талаптары бұзылған жағдайда, жалпы отырыс мүшелерін ескертуге құқылы, ал екінші рет бұзылған жағдайда сөз беру құқығынан айырады;

-ескертуден кейін жалпы отырыс жұмысына шақырылған кедергі келтірген тұлғаларды мәжіліс залынан шығарып жіберуге құқылы.

       13-тармақ. Кворум және шақырылған тұлғаларлың жалпы отырыс жұмысына қатысуы жөніндегі жалпы отырыс хатшысының баяндамасынан кейін отырысты ашу сұрағы шешіледі.

       14-тармақ. Күн тәртібі, оған қосымшалар және жұмыс тәртібі облыстық соттың судьяларының жалпы санының көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады. Күн тәртібі мен жұмыс тәртібі туралы ұсыныстар мен ескертулер жалпы отырысқа қатысып отырған облыстық сот судьяларының ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. 

        15-тармақ. Сот тәжірибесін жалпы отырыста талқылау баяндама, жарыссөзде сөйлеу, қорытынды сөз сөйлеу түрінде өтеді.  Талқылау нәтижесінде жалпы отырыс сот тәжірибесіндегі көкейкесті мәселелерге көр көңіл бөледі. Басқа сұрақтарды талқылау хабарлама, сөз сөйлеу, талқыланған кандидаттар туралы пікір түрінде өтеді.

        16-тармақ. Талқылап жатқан сұрақ бойынша жарыссөз ашқ дауыс беру арқылы жалпы отырысы құрамының шешімімен тоқтатылады.  Жарыссөз аяқталуына байланысты сөз сөйлей алмай қалған тұлғалар өз баяндамаларын отырыс хаттамасына тіркеулеріне болады.

        17-тармақ. Жалпы отырыстың баяндамасы 25 минут шегінде жүргізіледі, қосымша баяндамашыларға 15 минутқа дейін, жарыссөзде сөз сөйлеушілерге 10 минутқа дейін, кандидатураларды талқылау үшін 5 минутқа дейін, процедуралық мәселелер жөнінде сөз сөйлеуге, анықтамалар мен сұрақтар қою үшін 3 минутқа дейін уақыт беріледі. Жарыссөз аяқталған соң баяндамашының және қосымша баяндамашының қорытынды сөзбен және сұрақтарға жауаптар беріп, 10 минут шегінде сөз сөйлеуге құқығы бар.

        Қажеттілік болған жағдайда басқа уақыт белгіленуі мүмкін. Баяндаманың мәтіндері және сөз сөйлеулері жалпы отырыстың хаттамасына тіркеу үшін техникалық хатшыға беріледі.  

        18-тармақ. Шақырылған тұлғаларды залға өткізу тәртібін жалпы отырыс хатшысы анықтайды.

        Жалпы отырысқа шақырылған тұлғалар жалпы отырыстың жұмысына араласуына құқықтары жоқ. Олар бекітілген тәртіп пен төрағалық етушінің өкіміне бағынулары тиіс.

         19-тармақ. Қарағанды облысы судьяларының кеңейтілген жалпы отырысы қарастырылған сұрақтар бойынша шешім шығарады. Қарағанды облыстық сотының жалпы отырысы қарастырылған сұрақтар бойынша қаулы қабылдайды.

         20-тармақ. Жалпы отырыстың қаулылары мен шешімдері облыстық соттың қызмет атқарып отырған судьяларының жалпы санының көпшілік ашық немесе жасырын түрде дауыс беруі арқылы қабылданады.

         21-тармақ.  Процедуралық мәселелер жөніндегі жалпы отырыс шешімі жалпы отырысқа қатысып отырған облыстық сот судьяларының ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. 

          Процедуралық мәселелерге: күн тәртібін бекіту туралы, жүргізу тәртібі, үзіліс жөнінде, отырысты кейінге қалдыру, мәселелерді талқылау кезектілігі туралы, жарыссөздің аяқталуы, сөз сөйлеу уақытын шектеу немесе ұзарту, дауыс беру тәртібі, кворумды куәландыру және дауыстарды қайта есептеу жатады.

         22-тармақ. Дауыс беруді бастаудың алдында төрағалық етуші дауысқа салуға қойылған ұсыныстардың санын хабарлайды, олардың тұжырымдарын нақтылайды, өз ұсыныстарын кімдердің кері шақыртып алынғанын анықтайды, жалпы отырыс мүшелерінің дауыс беру тәртібі (ашық немесе жасырын) туралы пікірін анықтайды.  

        23-тармақ. Дауыс беру уақытында төраға, алқа төрағалары және облыстық сот судьялары бір дауысқа ие. Дауыстар тең түскен жағдайда шешім қабылданбаған болып есептеледі.

        24-тармақ. Дауыс беру жасырын түрде өткізілген жағдайда, оның қорытындысын анықтау үшін жалпы отырыс көпшілік дауыс беру арқылы кем дегенде облыстық соттың үш судьясынан құрылған  есеп комиссиясын сайлайды. Есеп комиссиясы дербес өзінің төрағасын және хатшысын сайлайды. Есеп комиссиясы құрамына бос қызмет орнына немесе сайланатын орган құрамына ұсынылған кандидат кіре алмайды. Есеп комиссиясының сайлануы жөнінде жалпы отырыс хаттамалық шешім қабылдайды.

         25-тармақ. Дауыс беруге қажетті ақпараттары бар бюллетеньдер есеп комиссиясы белгілеген нысанда және  санда дайындалады.

         26-тармақ. Дауыс беру уақыты және орны, оның өткізілу тәртібі есеп комиссиясымен белгіленеді және оның  төрағасымен хабарланады.

         27-тармақ. Әрбір дауыс берушіге мемлекеттік және орыс тілінде толтырылған бір бюллетень беріледі. Кандидатуралар жөніндегі пікірлер тиісті кандидаттың тегінің тұсына «жақтап дауыс беремін» немесе «қарсы дауыс беремін» графаларын белгілеу арқылы көрсетіледі. Дауыс беруші өзінің ыңғайына қарай бюллетень тілін таңдайды.

          28-тармақ. Дауыс берушінің еркін анықтауға мүмкін болмайтын бюллетеньдер жарамсыз болып табылады. Егер бюллетеньде дауыс берушінің кейбір кандидаттарға қатысты еркі көрсетіліп, ал басқа кандидаттарға қатысты еркін білу мүмкін болмаған жағдайда, дауысты есептеу кезінде «жақтап дауыс беремін» немесе «қарсы дауыс беремін» деген графадағы белгі тиісті кандидаттың пайдасына немесе оған қарсы ескеріледі. Дауыс беру үшін бюллетеньге қосымша жазылған тұлғалар есепке қосылмайды.

        29-тармақ. Мөрленген жәшікті ашу есеп комиссиясының барлық мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Жасырын дауыс беру қорытындысы жөнінде есеп комиссиясы хаттама жүргізеді, хаттамаға есеп комиссиясының барлық мүшелерінің қолы қойылады.  Есеп комиссиясы төрағасының баяндамасы бойынша жалпы отырыс ашық дауыс беру тәртібімен есеп комиссиясының хаттамасын бекітеді.

         30-тармақ. Жалпы отырыс қызметінің жариялылығын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстық соттың баспасөз хатшысы қамтамасыз етеді.  Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жалпы отырыста өзінің қызметін «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

          31-тармақ. Жалпы отырыс жұмысын жүзеге асыру үшін отырыстың синхрондық аудармасы және оның құжаттары, отырыс залының  техникалық қамтамасыз етілуі облыстық соттың кеңсесіне жүктеледі.

 

4-тарау. Алқалардың құрамын бекіту, сайлаулар, ұсынымдар, кандидаттарды  бекіту, есептерді, ақпараттарды тыңдау, ант қабылдау рәсімін өткізу

         32-тармақ. Облыстық соттың тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамы облыстық сот төрағасының ұсынысымен жалпы отырыстың ашық дауыс беруі арқылы  белгіленеді.

         33-тармақ. Жалпы отырыста жыл сайын облыстың уәкілетті органының аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есебі, облыстқы сот алқаларының өз қызметтері туралы ақпараттары тыңдалады.

         34-тармақ. Облыстың уәкілетті органының аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есебі, облыстқы сот алқаларының өз қызметтері туралы ақпараттары бойынша жалпы отырыс қаулыларының жобалары сәйкесінше уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалып, отырыс басталғана 10 күн қалғанда жалпы отырыс хатшысына ұсынылады.

         Жалпы отырыс судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды. Судьялыққа кандидаттың есебі жөнінде жалпы отырыстың пікірі облыстық соттың қызмет атқарып отырған судьяларының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданатын қорытынды түрінде рәсімделеді және оған төрағалық етуші қол қояды.  

          35-тармақ. Облыстық  соттың судьясы, аудандық немесе оған теңестірілген соттың төрағасы лауазымына кандидаттарды талқылау олардың анкеталық мәліметтерін жария етуден басталады. Кандидат бойынша қызметке ұсыну немесе ұсынудан бас тарту жөнінде шешім қабылданады. 

          Облыстық сот төрағасының ұсынуымен жалпы отырыс ашық дауыс беру арқылы уәкілетті органның облыстағы  аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымына адамды тағайындауға уәкілетті органға келісім береді, сондай-ақ, уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесінің басшысын қызметтен босату туралы уәкілетті органға ұсыну енгізеді.

          36-тармақ. Облыстық соттың жалпы отырысының шешімі Сот жюриінде облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларға, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларға қатысты материалдарды қарау үшін негіз болып  табылады. Облыстық соттың жалпы отырысының шешімі Сот жюриінде облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларға, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларға қатысты материалдарды қарау үшін негіз болып  табылады.

          37-тармақ. Судьяларды таңдап алу, сонымен қатар, оларға ұсыным беру туралы қаулы жобалары кадр қызметімен мемлекеттік және орыс тілдерінде даярланып, оның басшысының визасымен жалпы отырыс хатшысына табысталады, ол өз кезегінде құжаттарды қол қою үшін облыстық сот төрағасына ұсынады.

           38-тармақ. Алғаш рет тағайындалған облыстық сот алқаларының төрағалары мен судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары тағайындалғаннан кейін 2 айдан кешіктірмей жалпы отырыста ант береді.

           Облыстық сот төрағасы тұлғаның облыстық сот алқасының төрағасы немесе судьясы, аудандық немесе оған теңестірілген соттың төрағасы немесе судьясы болып тағайындалғаны жөнінде Жарлықты жария етіп, оны ант беруге шақырады. Ант салтанатты түрде мемлекеттік немесе орыс тілінде қабылданады.

 

5-тарау. Қорытынды ережелер

           39-тармақ. Регламент қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

           40-тармақ. Жалпы отырыс Регламентіне өзгертулер және толықтырулар отырыста қабылданады және қаулымен рәсімделеді.

           41-тармақ. Осы Регламенттің жалпы ережелерін түсіндіру жалпы отырыста жүзеге асырылады.