Жаңалықтар

Қарағанды облысы соттарында Ұлттық киім күні атап өтілді

18/03/2024
Бүгін Қарағанды облысы соттарының судьялары мен сот қызметкерлері жұмысқа ұлттық киіммен келіп, қатаң дресс-кодты ұлттық нақыштағы камзолдар, шапандар мен бешпеттерге ауыстырды.
Наурыз мейрамының жаңа форматы аясында, 18 наурыз Ұлттық киім күні болып табылады. Күнделікті өмірде қазақтың ұлттық киімін кию –ұлттық құндылықтарды сақтаудың бір жолы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және судьялық әдепті сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

15/03/2024
Қарағанды облыстық сотымен Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының алаңында судьялар мен мамандардың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және судьялық әдепті сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Сотпен алаяқтық фактісі бойынша полиция батальонының командиріне қатысты үкім жарияланды

13/03/2024
Сотпен алаяқтық фактісі бойынша полиция батальонының (мамандандырылған күзет қызметі басқармасының) командиріне қатысты үкімді жарияланды
ТАҒЫЛҒАН АЙЫП:
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен Ж. ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігі 2) тармағы бойынша, яғни өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан лауазымды адамды алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін ұрлады деп айыпталды.
СОТ НЕНІ АНЫҚТАДЫ:

Сотпен пара алғаны үшін 7 500 000 теңге айыппұл салынды

13/03/2024
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты пара алғаны үшін жол полициясының инспекторы Т.-ға қатысты істі қарады.
Тағылған айып:
Сотқа дейінгі тергеу органдарымен Т. пара алу, атап айтқанда, құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, жол қозғалысын бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 150 000 теңге көлемінде пара алды деп айыпталды. (ҚК-нің 366-бабы 2-бөлігі)
Сот нені анықтады:

ҚР Сот әкімшілігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

07/03/2024

Құрметті ханымдар, әріптестер! Сіздерді көктемнің керемет мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек.

Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге — аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

Қарағанды облыстық соты төрағасының 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне құттықтауы

07/03/2024

Құрметті әйелдер!

Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Бүгін біздің қымбатты да сүйікті әжелерімізге, аналарымызға, асыл жарларымызға, қыздарымыз бен әпкелерімізге деген сүйіспеншілік, ризашылық пен құрмет сезімдерін білдіретін тамаша күн.

Біз Сіздердің даналықтарыңыз бен төзімділіктеріңізге және сезімталдықтарыңызға таңданамыз, іскерлік қабілеттеріңіз бен жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз.

Ашық люкке соқтығысқан қарағандылық коммунналдық шаруашылықтан 620 мың теңге өндіріп алды

06/03/2024
 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотымен В.-ның "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ, "Қазақжолқұрылыс" ЖШС "KVINTECconstruction" ЖШС-нің материалдық залал сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот әкімшілігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы таныстырылды

01/03/2024
Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шәкиев Қарағанды ​​облыстық сотының судьялары мен қызметкерлеріне Сот әкімшілігінің облыс бойынша департаментінің жаңа басшысы Мирлан Қызыловты таныстырды.
Іс-шараға Қарағанды ​​облыстық сотының төрағасы Ерден Әріпов қатысты.
Ж.Шәкиев М.Қызыловтың ішкі істер органдарындағы бай кәсіби тәжірибесін, білімі мен ұйымдастырушылық қабілетін атап өтті.

Қарағанды облыстық сот төрағасының Алғыс айту күнімен құттықтауы

01/03/2024
Құрметті әріптестер!
Алғыс – адамның басқа адамдарға жасаған жақсылығы, мейірімділігі, көрсеткен көмегі мен құрметі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның қоғамға сіңірген пайдалы еңбегі мен нәтижелі қызметіне жоғары баға беруі.
Ендеше, 1 наурыз – Алғыс айту күні, саналы ғұмырларыңызды қара қылды қақ жарып, әділдіктің ақ туын биік ұстауға арнап, заң үстемдігі мен сот әділдігін қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбектеріңіз бен еліміздің сот жүйесінің дамуына қосып жатқан сүбелі үлестеріңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін.

Сот статистикасы бойынша бірлескен кеңес

29/02/2024
ҚР Сот әкімшілігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен бірлесіп ЭАЕҚ мәліметтерінің толықтығын, дұрыстығын және уақтылы толтырылуын қамтамасыз ету, қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық статистиканы қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Беттер