1 жылға көлiк басқару құқығынан айрылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы-Екатеринбург тас жолының Шет ауданы аумағы жерінде көлікті жүргізу барысында жолдың қарама- қарсы бағытына шығып кету сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау саны өсуі байқалуда.

Осы бойынша, Шет аудандық сотымен құқықбұзушы Қырғыз Республикасының азаматы А.-ға қатысты ҚРӘҚБтК-нің 596 бабы 3 бөлігімен (көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) әкімшілік іс қаралды.

Азамат А. 836 жол шақырымында  тіркеу номері «ВАЗ-21703» маркалы автокөлікпен Жол жүрісі қағидаларының 1 бөлімінің 11 тарауы 5,6 тармақшасын және 2 бөлімінің, 2 тармағының қосымшасын бұзып, көлік құралын басқару кезінде жолды кесіп және қарсы қозғалыс жолға шығып, көру шектеулігін бұзған.

Сот қаулысымен  құқықбұзушы А. аталған бап бойынша кінәлі деп танылды. Оған 1 жылға көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шет аудандық соты баспасөз қызметі