200 теңге үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК 367-бабының 1-бөлігінде (Пара беру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталған С.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.
2016 жылдың тамыз айында сотталушы автокөлікпен Алматы-Екатеринбург автожолында шекара жүйесінің «Рубеж» (Соқыр) бақылау шекарасында Қарағанды облысы ІІД жол патрулды полициясы батальонының қызметкерлерімен тоқтатылды. Одан әрі, С. шекарадан еш кедергісіз, тексерусіз өтіп кету үшін, жеке өзі пост үй-жайы ішінде лауазымды полиция қызметкеріне 200 теңгені құрайтын пара береді.
Сот үкімімен С. кінәлі деп танылды және оған параның 20 есе көлемінде, яғни 4 000 теңгені құрайтын айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі