Абайсыздық кісі өліміне әкелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шахтинск қалалық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106 бабының 3 бөлімі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кезінде абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу) бойынша Р. Азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы мен жәбірленуші тағыда басқа тұлғалар ішімдік ішкен болатын. Ащы сусын ішкеннен соң сотталушы төсекке сырт киіммен, аяқ киімімен жатқан болатын. Жәбірленуші, сотталушыны оятып оған ескерту жасайды. Ұйқысынан оятқаны үшін ашуға салынып, сотталушы жәбірленушінің бетіне жұдырық тигізеді.Ары қарай, жәбірленушінің басымен денесіне аяқпен соққылар жасайды. Алған жарақатынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмады.
Сот барсында сотталушы Р. Өз кінәсін мойындады.
Соттың өкімімен Р. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған жалпы режимдегі түзеу колониясында 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінді жаза тағайындалды. 

 

Қайнар: 
Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі