Алаяқтық және парақорлық үшін «Шет ауданы Білім бөлімі» ММ-нің қызметкерлері сотты болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шет аудандық сотымен «Шет ауданы Білім бөлімі» ММ-нің басшысы Р және «Шет ауданы білім бөлімі» ММ-нің кадр бөлімінің инспекторы Б қатысты алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, лауазымды адамдарға айтарлықтай мөлшерде пара беруге азғыру фактысымен қозғалған қылмыстық ісінің қарауы аяқталды.
Сотпен анықталғандай, Р. «Шет ауданы Білім бөлімі» ММ-нің басшысы, лауазымды тұлға бола тұра заңсыз баю мақсатында, өзінің лауазымды орнын құқыққа қайшы пайдаланып, адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша Б-мен сөз байласып, онымен бірге өзінің қызметтік кабинетінде жалған күзетші жұмысын істегенін әшкерелеген фактісін жабуға пара беру үшін аз-ша.И-ны 540 000 теңге пара беруге қасақана иілдірген. Содан Б аз-ша И-дан ақшаны алу барысында Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімшесінің қызметкерлерімен ұсталған.
Сот үкімімен Р ҚР ҚК-нің 190 бабы 3б. 2т 28 бабы 4 б-367 бабы 3б 1т. кінәлі деп танылып, ол ҚР ҚК-нің 58 б 3б-мен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айрылып, жазасын жалпы режимді ТК өтеуге, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылған.
Сот үкімімен Б ҚР ҚК-нің 190 бабы 2 б. 1,3 т. 28 бабы 4б-367 бабы 3б. 1т. кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 58 б 3б-мен оған параның қырық еселенген сомасы мөлшерінде 21 600 000 теңге айыппұл салынып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалған.
Р және Б-тан үлес тәртібімен сот-фонографиялық сарапатамасына жұмсалған сот шығындары 45 486 теңге өндірілген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

 

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі