Алимент мөлшерін азайту туралы талап арызды қараусыз қалдыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талапкер азамат А.-ның жауапкерлер азаматша К. мен Д-ға қатысты алимент мөлшерін азайту туралы талап арыз қабылданған.
Алдын-ала өткізілген сот отырысында талапкер А талабын толық қолдады. Жауапкер К, аталған аталп арыздағы талаптармен келіспейтіндігін айтты, ал жауапкер Д, сот отырысына қатыспады.
Алайда, талапкер А.-дан жазбаша түрде сотқа аталған азаматтық істі қараусыз қалдыру және талап арызды қайтару туралы арыз түскен.
Сотқа қабылданған жазбаша арыз негізінде, Қазақстан Республикасының АПК-нің 279-бабының 8-тармақшасын басшылыққа алып, талап арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылды.

 

Қайнар: 
Қарағанды облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі