Алкогольдік өнімдерді сатқаны үшін айыппұлға салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сәтбаев қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚбҚ-нің 200 бабы 3 бөлімімен азаматша М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Азаматша М. «Рахат» дүкенінде сатушы болып жумыс істейтеп, азамат Ж.-ға «Хаома» спирттік ішімдігін сатуды жүзеге асырған.
Сот мәжілісінде М. өзінің кінәсін мойындап, сол дүкенде еңбек келісім шарты бойынша сатушы болып істейтінін, сағат 12.00 – ге дейін спирттік ішімдікті сатуға болмайтынын білетіндігін айтты.
Сәтбаев қалалық сотының қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасағанына кінәлі деп танылды және оған әкімшілік жаза ретінде 14 847 теңге сомасында әкімшілік айыппұлға салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз-қызметі