Ашық әнгіме

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылға арналған БАҚ-мен өзара қарым-қатынас жасау жоспарына сәйкес «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Дәстүрлі шара аясында қабылдауға келген азаматтарды  сот төрағасы Талғат Ибрагимұлы Тоқболатов жүргізді. 

«Ашық есік күні»  шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқытық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сондықтанда аумақ тұрғындары бұл мүмкіншілікті пайдаланып,  өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мол мүмкіндік алды.

Заңдық көмекке сот істері бойынша талапкер мен жауапкер ретінде қатысушы жеке тұлғалармен қатар қарапайым қала тұрғындары да жүгінді.

Келушілердің сұрақтары негізінен заңдық мүдделерін сотпен қорғауға бағытталған азаматтық құқықтарын жүзеге асыру тұрғысында, сондай-ақ, тұрғын үй мәселелері маңайында болды. Қойылған әр бір сұраққа заң тұрғысынан жан-жақты жауаптер берілді және жекелеген сұрақтар бойынша заңгерлік кеңестерге жүгінуге кеңес айтылды.

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: